Кел ойнайық, ойланайық!
Мақсаты:Тапқырлықпен тез есептеп, тез жауап берудегі дағдысын көріп, дұрыс шешімге келудегі ептілігі мен біліктілігін байқау. Ой ұшқырлығы мен логикалық ойлауын дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ізгілікке , ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: байқау.
Көрнекілігі: Логикалық жаттығулар, сөзжұмбақтар, мақал мәтелдер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз. Балалар бүгінгі сыныптан тыс сабақты ұйымдастырудағы мақсатымыз сендердің математикалық білімдеріңді ортаға салып , логикалық қабілеттерінді анықтап, шығармашылық белсенділіктерінді арттыру болып отыр. Олай болса сайысымызды мына өлең жолдарымен бастамақпыз.
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіпаңдысып,
Шабыттысап, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ ,есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар ,
Білімдеріңді сынайық,
Жарысты біз бастайық.
Бүгінгі біздің «Кел ойнайық, ойланайық ! » атты сыныптан тыс шарамыз жарыс түрінде өтеді. Топқа бөліп алу.
І топ « Білімділер», ІІ топ «Ойшылдар » тобы.
Осы топтардың әділ бағасын беретін әділқазыларды сайлап алайық.
Жарыстың жоспарымен таныстырып өтейін.Жарыс 7 бөлімнен тұрады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Білім теріп бейнетінен қашпаймыз,
Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.
Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда
Білімменен достасамыз жастай біз,- дей отырып сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыруды » бастаймыз.
І топ. «Білімділер » тобы
Топ басшысы. Біздің тобымыздың аты « Білімділер».
Біздің ұран: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп».
Біздің әніміз: Бір мектепте оқимыз, оқимыз бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
ІІ топ. «Ойшылдар » тобы
Топ басшысы. Біздің тобымыздың аты «Ойшылдар»
Біздің ұран: «Оқу -білім азығы, білім-ырыс қазығы»
Біздің әніміз : ( бәрі бірге)
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламандар қорқып бізді қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
ІІ кезең «Бәйге» ойыны
І топ« Білімділер » тобына
1.Уақыт бірліктерін ата.
2. Жылдамдықты қалай табамыз?
3. 48 сағатта неше тәулік бар?
4. Масса бірліктерін ата
5.8*5 неше?
6. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз ?
7. а+3 қандай өрнек?
8.Бір адам қалаға бара жатыр еді., жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
9.1 сағатта неше минут бар?
10. Бағдаршамның үш көзі бар. Бір көзі қызыл, бір көзі көк, бір көзі сары.
ІІ топ « Ойшылдар » тобына
Бір ғасырда неше жыл?
Шаршының қабырғасының ұзындығы 3 см .Ауданын тап.
Сенбіден кейін үш күн өтті.Ол қай күн? (Сәрсенбі)
Бос ыдыста неше құлпынай бар? ( ешқандай)
Азайтатын сан (азайтқыш)
Жазу үшін екі цифр пайдаланатын сан. (10)
5-ті неше есе арттырғанда 20 шығады ? (4)
48 сағатта неше тәулік бар? (2)
Төрт бұрыштың неше төбесі бар?
Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі.
Жүргізуші: Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын,
Маңыз беріп оқимыз
Есептену сабағын
ІІІ кезең « Ғажайып үштік » ойыны
Ұяшықтарға 20,30,40 деген ұпайлар жазылады. Ойынға қатысушы топ яшықтағы , яғни кестедегі сандарды тандайды да жауап береді.
1) 20 балл. Сандарды тура және кері сана.
2) 20 балл Қосудың компоненттерін ата.
3) 20 балл Ұзындықты қандай құралмен өлшейміз?
1) 30 балл Сөредегі сегіз ыдыстың
Біреуін алды Ырысты.
Нешеуі қалды сөреде,
Тауып көрші сөреде.
(8-1= 7)
2) 30 балл Екі нүкте арасын қосқанда не шығады?
3) 30 балл Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда бір асық артық қалды. Бұл қалай? (Жауабы: дорбада 11 асық болған.)
1) 40 балл Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады., егер екі аяғымен тұрса қанша тартады? (12 кг)
2) 40 балл Қуат 1 күнде кітаптың 8 бетін оқыды. Осы қарқынмен бір аптада неше бетін оқиды? (56 бет)
3) 40 балл 36 теңгенің ¼ бөлігі қанша?
ІҮ кезең « Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал » деп аталады. Жұмбақ жасырылады.
І топқа «Білімділер»
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Қазақ үйі)
Қос құлағы, жүз тісті ,
Жүзінен бір-ақ із түсті. (Ара)
Бір санға өсірді өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді. (Сынып)
Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш)
Жүз қойды бір қораға қамаған,
Есепшілер соны күнде санаған. (Есепшот)
ІІ топқа «Ойшылдар»
Екі аяқпен кезек –кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп)
Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. (Қолғап)
Кіп-кішкентай екі көзі ,
Қалай көреді өзі ?
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол мұрнымен
Тамақ тауып жүреді. (Піл)
Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар. (Сіріңке)
Аяғын жерге тірей қалып,
Шеңбер сызады тұра қалып. (Циркуль)
Жүргізуші:
Өмірде ойлап тұрсақ бәрі де есеп,
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.
Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек,- деп келесі кезеңге кезек берейік.
Ү кезең « Кім жылдам ? » Сөзжұмбақ шешу
І топқа
ІІ топқа
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына ,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді,
Математика сырына деп
ҮІ кезең « Логикалық есеп »
ҮІІ кезең «Жалғастыр » ойыны
Санға байланысты мақалдар айтылады , соның жалғасын табады.
І топ
1.Білекті бірді жығады , (білімді мыңды жығады)
2.Отыз тістен шыққан сөз ( отыз елге тарайды)
3.Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)
4.Жүз теңген болғанша, ( жүз жолдасын болсын)
5.Білгенің тоғыз, ( білмегенің тоқсан тоғыз)
ІІ топ
Жалқаудың екі досы бар, ( бірі-ұйқы, бірі- күлкі)
Арсызға неше күн мейрам (6)
Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
Елу жылда не жаңа ( ел)
Біреу тойып секіреді, (біреу тоңып секіреді)
ҮІІІ кезең «Жұмыла көтерген жүк жеңіл »
Әр түрлі фигураларда теңдеу жазылған .Таңдап алу, теңдеу шешу
Х+6= 60 ; 26-х = 6 ; 30+х = 36 ; 57-х = 7 .
Қорытынды.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Әділқазылар сөз сөйлеп , қорытындысын айтады.
«Қарасу орта мектебі » КММ-сі
Тақырыбы:
Өткізген : Сагадиева Б.Н
2014 -2015 жж