Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Еңбеақы жүйелері
Еңбекақы қағидалары
І.Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамдық бөлігі болып табылады. Себебі: еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздыларының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда еңбекақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек.
әділдігі, яғни еңбекке тең жалақы
зиянды еңбек жағдайының және ауыр еңбегінің есебі
еңбек сапасы және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру (Еңбекке қатыстығының адалдығы үшін)
ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығына жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау
инфекцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу
мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардағы жалақының айырмашылықтары
мемлекеттік кәсіпорындарда еңбеақы үкімет актілері мен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарда кәсіпорын әкімшілігінің шешімі
мемлекеттік кәсіпорындарда еңбекақы тұрақты болады
мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орнымен еңбеақы кепілді. Ал жеке кәсіпорында олар оның экономикалық жағдайына байланысты.
ІІ.Еңбекақы 2 формада болады:
1. Мерзімді жалақы – жұмыс ұзақтығы мен анықталады, оның өлшемі еңбек сағатына төлем болып табылады.
2.Кесімді жалақы – өндірілген өнім көлеміне байланысты оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады. Негізгі формалары мен байланысты түрлері төлеу жүйелері қолданылады.
ІІІ. Нарыққа көшу кезеңінде экономикалық қатынастарды реформалау еңбекақы төлеу тетігін құрудың тұжырымдамалық негізін жасау қажеттілігіннен туындайды. Нарықтық өзгерістердің алғашқы кезеіңнде Қазақстан Республикасында еңбек саясатына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Қ.Р. «Кәсіпорындар туралы» заңы 1992 ж кәсіпорындағы еңбекақының төлем түрін меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар үшін 21-разрядтың біртекті тарифтік кесте бекітілді, бұдан әрі жаңадан қабылданған заңнамалық актілер бойынша тарифтік жүйенің міндетті пайдалану талабының күші жойылды. Қазіргі кезде мұндай тарифтік кесте тек бюджеттік мекемелерде қойылады. Ал жеке кәсіпорындар үшін ұсыныс ретінде қойылады.
1999 ж аяғында қабылданған еңбек туралы заңы мен мекемелердегі еңбекақыны төлеу жүйесі ұжымдық келісім шартпен немесе жұмыс беруші актілермен белгіленеді. Тек қызметкердің еңбекақы мөлшері бекітілген ең төмен еңбекақы мөлшерінен төлем болмауы тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында еңбекақы еңбектің ауырлығына, көлеміне және сапасына сәйкес өтеледі деп сипатталады.
Еңбекақы тақырыбы бойынша сұрақтар.
1.Еңбекақы дегеніміз не?
2. Жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына, және шығарған қажетті
өнім көлеміне сәйкес төленетін төлем бұл не?
3. Еңбекақы формаларын көрсет.
4. Разрядтық Біртекті тарифтік кесте не үшін қолданылады?
5. Жұмыс ұзақтығы мен анықталады, оның өлшемі еңбек сағатына төлем
болып табылады бұл не?
6. Өндірілген өнім көлеміне байланысты оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады бұл не?
7. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында ер адамдардың
еңбекке араласу жасын қалай көрсетілген?
8. Қандай кәсіпорын немесе мекемеде еңбекақы кепілді?
9. Мадақтау әдісі қандай жағдайда қолданылады?
10. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында әйел
адамдардың еңбекке араласу жасын қалай көрсетілген?