Просмотр содержимого документа
«Іскерлік қатынастағы жазу»
Сәуірдің жиырма тоғызы
Сабақ тақырыбы:
Іскерлік қатынастағы жазудың маңызы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
Іскерлік қатынастағы жазудың маңызы туралы теориялық мәлімет беру;
Д амытушылық: оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, бір-бірлерімен тіл табыса білуге үйрету, бір-бірлерімен қарым-қатынастарын жақсарту;
Тәрбиелік: оқушы бойына ізгілік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру, қазақ тілін құрметтеуге баулу
Үй тапсырмасы:
іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі
шарттары қандай?
-іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті қандай
болу керек?
-іскерлік қатынаста қаратпа сөздерді қалай
қолдануымыз керек?
-іскерлік әңгіме барысы қалай болу керек?
- ал іскерлік келіссөздер қалай жүру керек?
-іскерлік қатынаста телефонмен сөйлесудің
басты ерекшеліктерін атаңыз
ЕРЕЖЕ қайталау:
Стиль дегеніміз не?
Түрлерін атаңыздар
Іскерлік қарым-қатынастағы жазудың маңызы қандай?
Іскерлік қатынаста үлкен табысқа жету үшін іс қағаздар жүйесін жан-жақты білу керек.
Басқа ұйым, мекемелермен іскерлік қатынас жүргізуде сіздің түр-тұлғаңыз, іс-әрекетіңіз, сөйлеу мәнеріңіз табысқа жетудің бірден-бір кепілі
Бірақ, өз ойыңды жазбаша жеткізу өз абыройыңның өсуіне қажетті, маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Сенің жазбаша ойыңды біреу оқығанда, ол нақты әрі түсінікті болуымен қатар жазу каллиграфиясының әдеби, көркем болуы сенің мәдениетіңнің өлшемін көрсетеді.
Хат, жаңалықтар топтамасы, мақала, баяндама, анкета, әңгіме жазу кезінде, олардың негізгі мәтінін құрастыруда төрт қағиданы есте ұстау керек:
Мәтінде өз ойыңның, көзқарасыңның немесе зерттеу нысанаңның проблемалық аспектілері ерекше көрініс табуы тиіс.
Мәтінді жазу барысында оны оқитын адамның неге қызығатындығы, оның қандай мәселеге ерекше мән беретіндігі ескеру;
Жазып отырған адамыңның өмірдегі мақсатын, сенім-нанымын, жазылған мәтіннің тілін, айтатын ойын, түсіну қабілетін де назардан тыс қалдырмау;
Мәтінде автордың негізгі идеясы, айтайын деген ойы мен түсінігі оқырманға жан-жақты жеткізе алатын тілдік құрадар арқылы әрі нақты, әрі қарапайым түрде берілу.
Кез келген жазба дүниені болсын, мейлі ол әңгіме, мейлі ол хат, эссе, баяндама, іс қағаздарына нақты нұсқау беруге болмайды.
Ол әр адамның ойлау жүйесіне, қарым-қабілетіне, ойды жазбаша жеткізуге мына екі әдістің бірі қолданылып отырады:
1. Пирамида әдісі
Оқиға желісімен қызықтыра білу
Жазатын мәселесін анық білу
Қажетті ақпарат беру
оқиғаның орны, шығу себептері туралы
Олардың іс-әрекет үстіндегі бейнелері
Кейіпкерлер туралы көлемді мәліметтер
Оқырман істің қалай аяқталғанын бірден біле алады.
Фактілердің орын алу себептеріне талдау жасалады
Айтар ойдың негізгі фактілері айтылады
2.Төңкерілген пирамида
Жазылған мәтінді оқу барысында әрбір адам сол мәтіннен қарапайым алты сұраққа жауап алғысы келеді.
Ол сұрақтар:
Кім?
Не?
Қашан?
Қайда?
Неліктен?
Қалай?
Іскерлік қарым-қатынастағы іс қағаздар жүйесі (жазу)
Іскерлік қарым-қатынастағы жазудың негізгі мәтінін құрастырудағы негізге алынатын қағидалар
Мәтінде өз идеяң, түсінігің, көзқарасың, т.б. ерекше көрініс табуы керек. Мәтінді жазу барысында оны оқитын адамның неге қызығатындығы, оның қандай мәселеге ерекше мән беретіндігі ескерілуі шарт. Оқырманның мақсатын, сенімін, айтатын ойын, түсіну қабілетін назарда ұстау.
Іскерлік қарым-қатынаста ойды жазбаша жеткізудің әдісі
Мәтін құрамын айқындай тын сұрақтар
1. Төңкерілген пирамида әдісі.
2. Кәдімгі пирамида әдісі
1. Кім?
2. Не?
3. Қашан?
4. Қайда?
5. неліктен?
6. Қалай?
сөйлесу
қабылдау
Ақпарат беру
Қарым-қатынас
Түсіну
Ой алмасу
Бағалау
1-тапсырма. Сабақ тақырыбымен ұштастыра отырып, топтарыңызға ат қойыңыздар. Осы атты таңдау себептеріңізді дәйектеңіздер. Сонымен бірге тақырып таңдайсыздар. Сол тақырып бойынша жоба қорғау керек. Топ мүшелерін таныстырыңыздар.