22- ?ырк?йек – ?аза?стан Республикасы халы?тарыны? тілдер мерекесі. Еліміз егемендігін ал?алы мемлекеттік тіл м?ртебесіне ие бол?ан ана тіліміз – ?аза? тілі ?анатын ке?ге жайып келеді. О?ан біріншіден Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? елімізде ж?ргізіп отыр?ан тілдік саясаты ы?палын тигізуде. Ал екіншіден мемлекеттік мекемелерді?, оны? ішінде мектептерді? саба?тан тыс іс –шаралар ?йымдастырып, ?деби кеш ?ткізулері барысында ?аза? тілін насихаттаулары да ?з ?лестерін ?осуда. Соны? д?лелі ретінде Степногорск ?аласыны? №2 А?су орта мектебінде ?ырк?йек айы-ны? 8-20 аралы?ында ?Р халы?тарыны? Тілдер к?ні онк?ндігі ?ткізілді. Осы?ан орай онк?ндігіміз мерекелік жиынмен басталды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бізді? к?шіміз бірлікте »
Мақала
Біздің күшіміз-бірлікте
22- қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Еліміз егемендігін алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз – қазақ тілі қанатын кеңге жайып келеді. Оған біріншіден Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған тілдік саясаты ықпалын тигізуде. Ал екіншіден мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мектептердің сабақтан тыс іс –шаралар ұйымдастырып, әдеби кеш өткізулері барысында қазақ тілін насихаттаулары да өз үлестерін қосуда. Соның дәлелі ретінде Степногорск қаласының №2 Ақсу орта мектебінде қыркүйек айы-ның 8-20 аралығында ҚР халықтарының Тілдер күні онкүндігі өткізілді. Осыған орай онкүндігіміз мерекелік жиынмен басталды.Жиында орыс және қазақ сынып-тары әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айттып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.
Мектеп кітапханасында ҚР халықтарының Тілдер күніне арналған «Көптілділік-болашаққа салар сара жол» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақырыптық қабырға газеттері шығарылды.
Жоспар бойынша 1-11 қазақ және орыс сыныптарында «Көптілділік-болашаққа салар сара жол» тақырыбында сынып жетекшілері тәрбие сағатын өткізді.
«Тіл-халық мұрасы» тақырыбында А.Т.Баймұратова 5-сынып оқушылары арасында танымдық ойын бағдарламасын өткізді. Ойынның нәтижесі:
І орын- Камидолла Аружан
ІІ орын- Аринрашитов Сәбит
ІІІ орын- Нурушева Аружан
Аппасова Гүлмира Шәріпханқызы «Тіл-ұлттық құндылық» тақырыбында, Баймұратова Әсем Жанұзаққызы «Тіл-елдің тұғыры» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Исабекова Айнагүл Тлеутсқызы мұғалімдер арасында коучинг өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімдері 2-4-сынып оқушылары арасында «Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің білгірі» атты байқауын өткізді. Байқау нәтижесі:
І орын-1-топ
ІІ орын-2-топ
А.Т. Исабекова «Тілдер мерекесі-халық мерекесі» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеге 7-9 сынып оқушылары қатысты. Мереке 3 бөлімнен тұрады:
1.Сұрақ-жауап бөлімі.
2.Сөйлем құрау.
3. Ойтолғау.
Мереке кезінде 8-сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетті, екінші орынды 9-сынып оқушылары иемденді, үшінші орынды 7-сынып оқушылары иеленді.
«Біздің күшіміз –бірлікте» тақырыбында Қазақстанда тұратын халықтардың тілдер фестивалі өткізілді. Әр сынып оқушылары Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын, өнерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын көрсетті.
Тілдер онкүндігіне мектеп оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып, барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.