Просмотр содержимого документа
«Дәйексөздер 1 сынып»
ДӘЙЕКСӨЗДЕР
Ақиқат – адалдықтың бастауы.
Нақыл сөз
Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,
үлгісімен қуантады түбінде.
Жүсіп Баласағұни
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.
«Арыңды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта»
Нақыл сөз
Сүйіспеншілік – жүректе.
Халық даналығы
Отан – отбасынан басталады.
Мақал
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.
Мақал
Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің.
Халық нақылы
Алтын алма, алғыс ал,
Алғыс деген - ел сыйы.
Мақал
«Жақсылық – жан азығы»
Мақал
«Жақсылықтан жақсылық туады»
Мақал
Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды.
Мақал
«Отан – оттан да ыстық»
Мақал
«Табиғат - әсемдік айнасы»
Нақыл сөз
«Жаны саудың - тәні сау»
Халық нақылы
«Ешкімге де, ешнәрсеге де қылдай қиянат жасама!»
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысыныңЖуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған. Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырып деп ...»
Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.