Коучтың және коучингкке қатысушының іс – әрекеттері
Сәлемдесу
Кіріспе
2 мин
Коуч мұғалім тыңдаушыларға сәттілік тілеп, жағымды ахуал тудырады.
Топтарға бөлу
5 мин
«Қызыл гүлдер» «Ақ гүлдер»
«Ой қозғау»
3 мин
Коучингтің тақырыбын мұғалімдер өздері ашатындай сұрақтар қойылады
«Баға дегеніміз не?», «Бағалаудың қандай әдіс-тәсілдерін білесіздер?», «Өз сабақтарыңызда бағалаудың қандай түрін қолданасыздар?» сынды сауалдар қойылып жауаптар алу.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
15 мин
Топтық жұмыс: «Бағалау»
(постер қорғау)
Бағалау
3 мин Критерийлар
«Керемет бақ» әдіс-тәсілі арқылы қолдарында бар құралдарды қолдана отырып, өздерін гүлге теңеп, сурет салып өзін бағалау.
анықтап, қайта бағалау
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
7 мин
Өзгрістерді көрсету
3 мин
Коуч мұғалімдерге тақырып бойынша критерийлар бойынша баға өзгергені көрсетіледі.
Кері байланыс
Рефлексия
5 мин
Мен нені үйрендім?
Маған не қиын болып көрінді?
Не күрделі болды?
Мен енді нені үйренгім келеді?
Бейнеролик көрсету, қорытындылау
1 мин
Коучингті қорытындылау
Коучинг сабағы туралы рефлексифтік есеп
Коучинг сабағына арналған оқыту мақсаты:
Бағалаудың түрлерімен таныстырып, оқу оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
1-тапсырма : Бағалау түрлері.(ассосация құру). 2- тапсырмамда әр мұғалімге жеке тапсырма бердім. «Керемет бақ» әдіс-тәсілі арқылы қолдарында бар құралдарды қолдана отырып, өздерін гүлге теңеп, гүлді қазазға салып,өздері бағалады.
Мысалы: Менің гүлім өзіме өте ұнады, сондай өзім сияқты нәзік содықтан өзіме «бес» деген баға қоямын.
Менің гүлім сондай әдемі , ашық менде жоғары баға қоямын. Әріптестерімен бірлесе отырып төмендегідей бағалау критерилерін құрдық:
- гүлдің барлық мүшелерінің болуы;
- гүлдің әдемілігі;
- түстерінің сәйкес болуы;
- желімнің дұрыс жағылуы;
- шынайы гүлге ұқсауы.
Осы критерилер бойынша мұғалімдер бірін-бірі бағалады. Әріптестерім бір-бірін әділ бағалап, қойылған бағаға барлығы қанағаттанды. Өз тарапымнан әріптестеріме «Баға өзгерді ме?» деген сұрағыма жауап беруді сұрадым. «Иә өзгерді, баға түсті»- деген жауаптарын алдым. «Неге деп ойлайсыздар?» деген сұрақты қойып едім, ұстаздар арасында үнсіздік орнап, ойлана келе Камзинова Әсемгүл «Біріншісінде біз ортақ баға қойсақ, ал жана критерийлер арқылы бағаладық» деп түсіндірді. Мұғалімдер егерде критерий арқылы бағаласа, нақты баға шығатындығын түсінді.
Интерактивті тақтаны қолдана отырып, ұстаздарға слайд-презентациядан бағалаудың түрлерін көрсетіп, түсінік беріп өттім. Мұғалімдер бағалаудың екі түрін білді және критерийлер арқылы бағалаудың ерекшелігін аңғарды.
Коучинг сабағы барысында әріптестерім менің көмекшілерім ретінде сабаққа белсене қатысып, жақсы көмектесті. Мен бағыттаушы, үйретуші ролін орындай алдым деп ойлаймын. Себебі, менің нұсқауым арқылы мұғалімдер өздерінің берілген жұмыстарды орындай алды. Жұмысымның сәтті өткенін «кері байланыстан» біле алдым.