«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі»
« Білімді, сауатты адамдар- бұл
адамзат дамуының негзгі күші»
Н.Ә. Назарбаев
Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз- ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Президенттің «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес, керісінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол деп білуіміз керек, себебі, ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан, Н.Назарбаевтың «Қазіргі қазақстандық үшін үш тілді меңгеру- бұл өз игілігінің кепілі»- демекші қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын.