А. Мен тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын ажыратып, сөз тіркестерін құрастыра аламын.
В. Жұппен, топпен жұмыс жасау барысында шағын диалогқа шыға аламын.
С. Тақырып бойынша әңгіме құрастыра аламын.
Кезең | Уақыт | Ресурстар | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин. әріптер | Шаттық шеңбері: | 1. Амандасады. 2. Психологиялық күй Ал, балалар қане бүгінгі көңіл күйлеріңді алдарында жатқан смайликтер арқылы көрсетіп жіберіндер. Топқа бөлу Балалар сол алдарында жатқан смайликтердің түстеріне қарай /сары, жасыл, көк/ үш топқа бөліну керек | 1. Амандасады. 2. Оқушылар смайликті көтеріп, өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді. Оқушылар өз топтарына отырады |
Білу Кіріспе бөлімі. Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу | 3мин | Интербелсенді тақтада сөзжұмбақ | - Балалар, қазір нешінші және қандай сабақ өтіп жатыр? Біз сабақта не істейміз? Өткен тоқсанда қандай тақырыптарды өттік? Енді сөзжұмбақты шешейік.(тақтада сөзжұмбақ «Сабақта») - Дұрыс, сондықтан сабағымыздың тақырыбы қандай? | Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақыбын анықтайды. |
Түсіну Мағынаны тану | 5 мин | Сөздер бағдаршам | | Сөз тіркестерін құрастырады |
Қолдану | 15 мин
| Кілті тақтада Джиксо | Мәтінмен жұмыс. 1.Мәтінді оқу, аудару. 3 топқа сөйлемнен беріп, аударту 2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап 3. Топтарға мәтін бойынша тапсырма беру 1 топ. Бүгін дүйсенбі. Мен мектепке барамын. Мектепте сабақ оқимын. Бізде бүгін төрт сабақ 2 топ. Қазақ тілі сабағында мен қазақша сөйлеймін. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. 3 топ. Сабаққа біз кітап ,сөздік, дәптер, күнделік ,қалам әкелеміз.Қазақ тілін жақсы меңгергім келеді. Әр топ кезек-кезек шығып стикер бойынша бір-бірін бағалайды | 1. Топта пікірлеседі, суреттерді желімдейді, мәтін шығарады. 2. Әр топтан 1 оқушы шығып постердегі мәтінін қорғайды. |
| | Интерактивті тақта | Сергіту сәті. «Жалқаулықты тастаймыз, Шынығамыз жастай біз. Бір, екі, үш, төрт, бес. Алайық тек баға бес. Алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Ал, кәнеки, қон» | Жаттығуды қайталайды |
Талдау | 7мин | Кілті Интерактивті тақтада | Оқушыларға тапсырма береді. Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. | 3-жаттығу. Қазір қандай сабақ? (қазақ тілі сабағы) Сабақта не істеуіміз керек? ( сабақта жаңа сөздерді жаттаймыз, сөйлейміз, диалог құрастырамыз) Сабақ деген сөз жуан және жіңішке ме? (жуан сөз) |
Синтез | 10мин | Мәтін | «Қалпына келтір» әдісінің ережесін түсіндіру. | Үшінші сабақ қазақ ... сабағы. Біз ... жазамыз, оқимыз, сөздерді жаттаймыз. Біз ... жақсы баға алуға тырысамыз. Маған қазақ тілі сабағы өте ұнайды. |
Бағалау | 3 мин | Стикер | Мадақтау, оқушылардың білімдерін бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, күнделіктеріне баға қою. Нашар қатысқан және қатыспаған оқушыларға ескерту жасау. | Үй тапсырмасы: А. Сөздерді жаттау, сөйлемдер құру В. Сөздерді жаттау, мәтінді оқу, сұрақ құрастыру С. Сөздерді жаттау, мәтінді әңгімелеу, септеу |