Сабақтың тақырыбы: Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 7.2.6.2 -Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру 7.1.6.1-Жобаланатын нысанды дайындау барысында конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық және механикалық қасиеттерін анықтау және салыстыру |
Сабақ мақсаттары
| -Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыруда қарапайым тәсілдерді қолдану; -Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру аймақтарын анықтау; -Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыруда негізгі элементтерді ажырату: |
Бағалау критерийі | - Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастырудың қарапайым тәсілдерді қолданады - Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру аймақтарын анықтайды. - Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастырудың негізгі элементтерді ажыратады |
Тілдік мақсаттар | Ағашты механикалық өңдеу - Ағашты өңдеудің қандай түрлерін білесіңдер? - Сіздер ағашты немен өңдейсіздер? - Ағаштан өңделген бұйымды қайда қолданасыздар? |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.бейнежазба,слайдтар,ноутбук,проектор |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Құндылықтарды дарыту | Достарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады; -Топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады; -Ағашты өлшеу,сызу,аралау,кесу,тазалап өңдеу арқылы еңбек пен шығармашылық құндылығы қалыптасады; - Сұрақтарға жауап беру мен қалыптастырушы бағалау үдерісі арқылы ашықтық құндалығы қалыптасады |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. сызу,физика |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Оқушылардың назарын сабаққа аудару Жаңа тақырыппен таныстыру. Оқушыларды бүгінгі сабақта қойылатын мақсат,міндеттері. | |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. Дитактикалық материалдарды көрсету, ағаштан өңделініп жасалған бұйымдар мен заттардың үлгісін көрсету. | Оқулық, мәтіндер,ағашты механикалық өңдеуге арналған станоктар,құрал-саймандар. |
Ортасы 15 минут | Сарамандық жұмыс Ас үй тақтайшасын жасау
Оқушылар ағашты механикалық өңдеу құрал-саймандарын, қол және электр станоктарын пайдаланып топқа бөлініп ас үй тақтайшасын жасайды. Жұмыс кезеңдермен жүргізіледі. Ең алдымен оқушылар ағаш тақтайша бетіне бейне түсіреді,аралайды,кеседі,өңдейді, Техника қауіпсіздігін сақтау міндетті түрде естеріне салынады. | Слайд: Ас үй тақтайшасын жасау кезеңдері мен технологиялық картасы |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті "Көңілді күн"
| видеожазба |
Аяқталуы Сабақты бекіту 3 минут Кері байланыс 3 минут | Бағалау. Оқушылар жұп болып бір бірінің жұмыстарын бағалайды. Оқушыларға жасаған бұйымдарын дайындалған орынға апарып қоюды тапсыру. Жасалған аспаптардың дұрыс кесілуі ,өңделінуі , сапасы бағаланады. Әр критерий бойынша жұлдызша беріледі. 2-3 жұлдызша алған оқушы тапсырманы орындай алды деп есептеледі.
Критерий | Дискриптор | Таза сауатты орындалған жақсы бұйым жасау | Сапалы табиғи,тұрмыста өте қажет бұйымды жасайды |
Әр оқушы өз орын жинастырады. (балаларға өз орнын жинастыруға үйрету) | Бағалау парақшасы Кері байланыс кемесі |
Сабақтың соңы 2 мин
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары,оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |