Сабақ тақырыбы: | Интернттің шығу тарихы |
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі: | Білу (тану): Интернеттің шығу тарихымен таныстырып,мағлұматтарды білулері керек (барлығы) Түсіну: Интернеттің шығу тарихынан алған білімдерін пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын орындай алулары керек(барлығы) Қолдану: Термин сөздерді қолдана отырып сөйлемдер құра білулері керек (көпшілігі) Талдау: Интернетті зерттеген ғалымдар туралы білулері керек(көпшілігі) Жинақтау: Сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорларын дамыта білу (кейбіреуі) Бағалау: Күнделікті өмірде интернеттін пайдасын білу (кейбіреуі) |
Күтілетін нәтижелер: | Интернеттің шығу тарихымен танысып,мағлұматтарды біледі (барлығы) Интернеттің шығу тарихынан алған білімдерін пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын орындай алады(барлығы) Термин сөздерді қолдана отырып сөйлемдер құрай алады (көпшілігі) Интернетті зерттеген ғалымдар туралы біледі(көпшілігі) Сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорларын дамыта алады Күнделікті өмірде интернетті пайдалана алады |
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: | «Өрмекші әдісі», «Әліпби», «Сапа конверті», «Сұрақ-жауап», «ДЖИГСО», «Кластер», «Тест», «Смайликтер» әдісі |
Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, информатика |
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: | Өзін-өзі бағалау, критериалды бағалау, топ мүшелерінің бағалауы |
Қажетті ресурстар: | Оқулық, постер, түрлі түсті маркерлер, презинтация т.б. |
Сабақ барысы |
Уақыт | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | әдіс-тәсілдер | Ресурстар |
08.00-08.03 | Оқушылармен амандасу. Оқушыларды журнал бойынша тексеру Психологиялық тренингін өткізу. Ағаштың жапырақтары оқушыларға үлестіріледі де сол жапырақтарға бүгінгі сабақ бойынша тілектерін жазып бір-біріне ұсынады да тақтада ілулі тұрған ағашқа жабыстырады. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Топ сарапшысы мен оқушыларға бағалау парақшаларын тапсырамын. | Мұғаліммен амандасады. Сабаққа дайындалады Оқушылар ағаштың жапырағына тілектерін жазады,оқиды, іледі. Сөздерді құрастыру арқылы мақалды шығарады. | Психологиялық тренинг Мақал арқылы топқа бөлу | Интербелсенді тақта Қима қағаздар Жапырақтар мен ағаш |
08.03-08.06 | Оқушылардан үй тапсырмасы «Өрмекші әдісі» арқылы сұралатын болады. Оқушыларды шеңберге тұрғызамын | Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне сөздіктегі сөздерді айтады. Орысша сөзден бастайды келесі оқушы қазақша аудармасын айтады. | «Өрмекші әдісі» | Домалақ жіп |
08.06-08.08 | Үлестірмелі қағаздарды таратып,жаңа тақырыптың тақырыбын таныту үшін үлестірілген тапсырмада сандардың орнына әліпбидегі әріптерді қою арқылы жаңа тақырыпты ашқызу. | Оқушылар топпен тапсырманы орындап бірінің жауаптарымен салыстырады. | «Әліпби» әдісі | Үлестірмелі қағаздар |
08.08-08.19 | «Сапа конверті» әдісі арқылы келесі тапсырмаларды орындау 1-тапсырма. Мына сөздерге сөйлем құрастырып, термин сөздер екенің ауызша дәлелдеп айту. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Термин сөздер дегеніміз не? Интернационалдық терминдер дегеніміз не? Терминдердің жасалу жолдары? | Әр топтан бір оқушы шығып тапсырмаларды алып тобына апарып топ мүшелерінің әрқайсысы орындайды. Ережені еске түсіріп айтып беру | «Сапа конверті» әдісі «Сұрақ-жауап» әдісі | Сапа конверті, тапсырмалар, оқулық |
08.19-08.35 | «ДЖИГСО» әдісі бойынша тапсырманы орындау.Мәтінді оқып,мәтіндерді бөлімдерге бөліп,әрқайсысына ат қойыңдар.Интернационалдық терминдерді пайдаланыңдар.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді басқа синоним сөздермен ауыстырып, айту. Сергіту сәті «Мен таптым» 235 беттегі 1-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу. Деңгейлік тапсырмалар. Интербелсенді тақтада орындау. 1-деңгей А-деңгейлі оқушыларға,2-деңгей В-деңгейлі оқушыларға,3-деңгей С-деңгейлі оқушыларға беріледі. | Мәтінмен жұмысжасайды, тапсырмаларды орындайды | «ДЖИГСО» әдісі | Оқулық, интербелсенді тақта |
08.35-08.38 | «Интернеттің шығу тарихы» тақырыбына кластер толтырады | Оқушылар кластер толтырады. | Кластер | Кластер |
08.38-08.41 | Тест тапсырмасы бойынша сабақты пысықтау | Тестке жауап береді | Тест тапсырмалары | Тест |
08.41-08.45 | Сабақтың соңында оқушыларға әр түрлі смайликтер таратылып сол смайликтерден өздеріне ұнаған смайликті таңдапкөңіл-күйлерін білдіріп сабақтан алған әсерлері туралы жазып тапсырады. Үйге тапсырма 237 беттегі 4-тапсырма мәтінді оқып,түсіну,аудару. | Смайликтерді таңдау, әсерлерін жазу, смайликтерін көрсету Дәптерге орындау | Смайликтер | Смайликтер |