Саба?ты? та?ырыбы: Шахмат ?ліппесі. Реттік сан есім
Саба?ты? ма?саты:
- шахмат ?ліппесі туралы м?лімет беру,о?ушыларды саба??а тарту, оларды? ?ткен саба?та таныс?ан та?ырыпты ?аншалы?ты менгергенін тексеру, ?ткен материалды жа?а саба? материалымен байланыстыру. Та?ырып бойынша т?рлі тапсырмалар, ойын элементтерін ?олдану;
- « Спорт» модуліне ?атысты с?здерді іскерлік с?хбаттарда д?рыс ?олдану?а жатты?тыру. Ты?далым, жазылым ?дістері ар?ылы о?ушыны? сауаттылы?ы мен ?аза? тілінде айтыл?ан м?тіндер, жекелеген с?здер мен с?з тіркестерін бірден естіп- т?сінуге да?дыландыру;
-саба? барысында ?олданыл?ан т?рлі ?діс- т?сілдер ар?ылы о?ушыларды? мемлекеттік тілді о?ып- ?йрену, с?хбаттар бойынша тілдесу, жазу сауаттылы?ын дамыту?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, ж?йелі с?йлеуге, та?ырыпты ж?йелі баяндау?а ?йрету, т?селдіру.
Саба?ты? т?рі: ойын саба?.
Саба?ты? ?діс-т?сілдері: т?сіндіру, с?ра?-жауап, ??гімелесу, тіл дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Шахмат ?ліппесі" »
Сабақтың тақырыбы: Шахмат әліппесі. Реттік сан есім
Сабақтың мақсаты:
- шахмат әліппесі туралы мәлімет беру,оқушыларды сабаққа тарту, олардың өткен сабақта танысқан тақырыпты қаншалықты менгергенін тексеру, өткен материалды жаңа сабақ материалымен байланыстыру. Тақырып бойынша түрлі тапсырмалар, ойын элементтерін қолдану;
- « Спорт» модуліне қатысты сөздерді іскерлік сұхбаттарда дұрыс қолдануға жаттықтыру. Тыңдалым, жазылым әдістері арқылы оқушының сауаттылығы мен қазақ тілінде айтылған мәтіндер, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бірден естіп- түсінуге дағдыландыру;
-сабақ барысында қолданылған түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың мемлекеттік тілді оқып- үйрену, сұхбаттар бойынша тілдесу, жазу сауаттылығын дамытуға деген қызығушылығын арттыру, жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, технологиялық карта, суреттер,слайд.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңдар.
Сұрақ- жауап.
- Қазір қай жыл мезгілі?( қыс)
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай, балалар? ( суық, аяз, боран, суық жел, қар)
- Қыс мезгілінің қай айы? ( ақпан)
Онда, біз сендермен қарлы кесек ойынын ойнаймыз.
Бүгінгі сабаққа бір- бірімізге сәттілік ТІЛЕЙМІЗ, алдарыңдағы ақ параққа тілек жазып, кесек қар жасап, лақтырып ойнаймыз.
1. Психологиялық кезең. – тілектерімізді дауыстап оқимыз. Осы тілектеріміз сабақ барысында орындалсын. Ал, енді топқа бөлінеміз. Қызыл түсті кәмпиттер 1 топ, көк түсті кәмпиттер 2 топ. Балалар топ ережесін сақтаймыз, есімізден шығармаймыз.
II Үй тапсырмасын тексеру. 2- топқа да тапсырма беріледі.
1. Технологиялық картамен жұмыс. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Ә) мына сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімнің жұрнағын жалғап жаз.
1- топ 14, 39, 244 2- топ 560,85 , 98
Сумативті бағалау жүргізу.
III Негізгі бөлім.
Топпен жұмыс.
Мына сызбаның ішінен 11 спорт атауын тап.
А
К
Р
О
Б
А
Т
И
К
А
Ж
Ү
Г
І
У
З
Е
В
В
Т
Ү
Р
Б
О
К
т
Й
О
Е
Л
З
Е
Е
А
Ш
Ш
К
Л
Л
Е
У
С
Т
С
А
А
В
Е
О
Т
С
Б
Қ
Ы
Х
Ң
О
Й
С
И
П
И
С
Қ
М
Ғ
Н
Б
П
К
О
А
П
У
А
Ы
Д
О
О
А
Р
Т
Ф
У
Т
Б
О
Л
Р
Д
Т
Е
Б
У
М
Ә
Р
Е
Т
О
Дайын болған топтар қолдарымызды көтереміз.
Жауабы слайд арқылы көрсетіліп, тексеріледі.
Слайдтта спорттың түрлері берілген, мұқият боламыз. Дұрыс, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Шахмат әліппесі».
Сабағымыздың мақсаты: Шахмат ойынының тарихын білу.
IV Сөздікпен жұмыс. Сөздік дәптерімізді ашып, жаңа сөздерді жазамыз.
спорттың түрі – вид спорта
ат- конь
піл- слон
дамыту- развивать
ақыл-ой- мышление
Спорт ойындарының түрлері екіге бөлінеді күш жұмсайтын және ақыл- ой спорттық ойындар. Қалай ойлайсыңдар шахмат қай спорттық ойынға жатады.
V Мәтінмен жұмыс. 1- тапсырманы ашып оқимыз, мәтінге ат қоямыз.
Өте жақсы ,балалар. Енді біз сабағымыздың соңында шахмат ойынын ойнаймыз.
IX Қорытынды: Шахмат ойнау арқылы сабақты бекітеміз. Мына тақтада ақ және қара жағында да сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек.
- Шахмат ойыны нені дамытады?( ақыл-ой)
- Шахмат деген атау қайдан шыққан?( Үнді)
- Шығыста ел билеушіні қалай атайды? ( шах)
- Шахмат ойыны қандай елдерге тараған?( Қытайға, Иран т.б)
- Неше армия шайқасады?( 64)
-Қандай әлем чемпиондарын білесің?
X Үй тапсырмасы: Әлем чемпиондары туралы мәлімет іздестіру.