Сабақтың мақсаты: ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
| Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
Дәйексөз «.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»» | Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
Әңгімелеу Абайдың «Он жетіншісі сөзі» Талдау сұрақтары:
| Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма: Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбiр терминнiң өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңдар. 2-тапсырма: «Парасатты адамның» портретін жасаңдар. 3-тапсырма: «Парасатты болу – парызым!» тақырыбын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар.
| Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
| Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Шәкәрім шығармасынан үзінді | Күнделіктеріне жазады. |
Жүректен жүрекке «Ойлан, балам» | Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |