Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлем құрау, әңгімелей алу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың қисынды ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты оқуға, жазуға тәрбиелеу
Оқыту нәтижелері:
Мұғалім лесикалық тақырыпты түсіндіреді. Жаңа сөздермен таныстырып шығады.
Түйінді идеялар:
Осы тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін негізге ала отырып, топтық жұмыс жүргізу барысында жүзеге асыру. Топтаса бірлесу арқылы қарым – қатынас қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларға арналған тапсырмалардың тиімділігін жүзеге асыру.
Ақпарат көздері:
Интерактивті тақта.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері
Оқыту модульдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу
Оқушылар тұрып сәлемдеседі, кезекші сыныпты түгендеп, хабарлайды, оқу – құралдарын дайындайды. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ережені айту. Сөздерді сөз құрамына талдауын сұрау
Ережені айту
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Топпен жұмыс
Оқушылар назарын тақтаға аудару арқылы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.
Сұрақтар:
1.Бір жылда қанша мезгіл бар?
2.Олар қандай?
3.Қазір қай жыл мезгілі?
4.Күз айларын ата?
5.Бүгін ауа райы қандай?
6.Ал кеше ауа райы қандай болды?
7.Сөз құрамы нешеге бөлінеді?
8.Түбірдің түрлерін ата?
9.Қосымша нешеге бөлінеді?
Әр топтан осы сұрақтарға оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді.
Жаңа сабақты меңгерту
АКТ оқыту тәсілі.
1.Түсіндіру.
- Балалар бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Күз» Балалар бүгін біз күз тақырыбы жайлы әңгіме өрбітеміз.
2.Сөздікпен жұмыс.
Мұғалім интерактивті тақтадан мәнерлер оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды. Осы сөздердің сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды.
Оқушылар тыңдап айтады, және өздеріне белгендерін топта талқылап айтып береді.
Оқушылар іштерінен қосылып бірге оқып отырады. Әр топ тізбекпен оқиды және сөз тіркестерін құрайды.
Сыни тұрғыдан ойлау
Күз мезгілі басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?
Осы тақырыпқа оқушылар ойланып өз ойларын постер бетіне түсіреді, ролдерге бөлініп, баяндаушы қорғайды.
Сергіту сәті
3.Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Мәтінді оқып, қай жыл мезгіліндегі серуен екенін анықтаңдар.
Оқушылар мәтінді оқып, орыс тіліне аударып, айтып береді.
5-тапсырма.
Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңдар
Үлгі: оқу+шы+лар
Үш топқа сөздер беріледі, сөз құрамына қарай талдайды.
1топқа –Көкөніс+тер, күз+гі
2топқа –Бұлт+тар, мезгіл+ді
3топқа –Ай+лар, күн+ді
Қорытынды
1.Күзде қандай өзгерістер болады?
2.Күзде нелер піседі?
3.Кұстар қайда ұшып кетеді?
4.Бір жылда неше мезгіл бар?
5.Бір жылда неше ай бар?
6.Күз айлары қандай?
7.Күзде жапырақтар не істейді?
8.Күзде не жауады?
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма
Жаңа сөздерді жаттау 32-бет, 4 тапсырма
Сергіту сәті – өзін-өзі қалыптастыру, ынтымақтастық орнату
Топ ішінде критерий арқылы бағалау – ортақ шешімге келу, ынтасы мен жетістігі
ортақ шешімге келеді
Рефлексия пікір айтуды, ой елегінен өткізуді қамтиды
Сыни тұрғыдан ойлау - оқушының оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау стратегияларын дамыту
Топта бірлесіп жұмыс істеу – оқушы белсенділігін арттырады
АКТ – ақпарат көзі, тың деректер жинауға бағыттау
Топқа бөлу кезеңі баланың ізденуіне, үздіксіз жол ашады