Мақсаты Күтілетін нәтиже | Жаңа сабақты түсіну, алған білімді өмірде қолдана алу Көрнекі құралдар;үнтаспа,сюжетті суреттер Міндеттері: - жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру. - өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту - Ұстамдылыққа, сабырлыққа, ризашылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: әр түрлі көңіл күйді білдіретін суреттер. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, пікір-талас |
Тыныштық сәті | Тыныштық сәті. -Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). 1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар? | Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Сергіту сәті | Ойын: «Менің көңіл күйім қандай?» Ойынның шарты: ортаға бір бала шығып, өз көңіл күйін мимика, түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. Қалғандары оны тауып көрсетеді. Оқушылардың алдына «қуанышты адам және ренішті адам» жазылған карточканы тастау. |
Жаңа сабақ | Сыр мен сымбат а) кітаппен жұмыс а) мәтінмен жұмыс а) мұғ/нің оқуы, талдауы. ә) оқушы/дың оқуы (Оқушыларды әңгімелету) Жаңа ақпарат Суретпен жұмыс Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер. 6. Дәптермен жұмыс а) Дәйексөз |
Кері байланыс | Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |