Ашық сабақ тақырыбы: Етістіктің шақ категориясын қайталау
Ашық сабақ тақырыбы: Етістіктің шақ категориясын қайталау
Сабақтың мақсат-міндеттері:Алған білімді қорытындылау, шақ категориясының бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу, талдау. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын
педагогикалық технологиялар:АКТ, оза оқыту, топтық оқыту, миға шабуыл, қалыптастырушы бағалау,
Сабақтың мақсат-міндеттері:Алған білімді қорытындылау, шақ категориясының бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу, талдау. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын
педагогикалық технологиялар:АКТ, оза оқыту, топтық оқыту, миға шабуыл, қалыптастырушы бағалау,
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі,
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Ой шақыру 2 мин топқа бөлу.
Алдын ала етістіктің шақ категориясына байланысты сөйлемдер дайындалады, оқушылар өздері таңдаған етістік түрлеріне қарай топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын қайталау
5 мин «Кім жылдам?» ережені қайталау
Әр топ бір-біріне сұрақ қояды, өтілген тақырыптарға байланысты қайталау сұрақтарына тез жауап береді.
5 мин Тақырыпқа байланысты Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясынан үзінді беріледі. Тапсырма: келер шақ тұлғасында тұрған етістіктерді тауып, олардың жасалу жолын түсіндіру.
... Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.
Ақыл – адамды аздырмайтын ем, білім – таусылмайтын кен.
4 мин «Бас қатырғыш» әдісі. Тапсырма: төмендегі етістіктерді дұрыс құрап, 3 шақта кестелерге толтырып шық.
Лек, сажа, қыо, лас, тай
Етістік
Осы шақ
Өткен шақ
Келер шақ
кел
келе жатыр
келді
келер
жаса
жасап тұр
жасады
жасамақшы
оқы
оқып отыр
оқыды
оқымақ
сал
салып жатыр
салды
салар
айт
айтып жүр
айтты
айтпақ
Бағалау «Сөзді тап» қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады.оқушылар қобдишадан қиынды қағазды алып 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіру керек.
Білімді қорыту.Әр топқа тапсырма беріледі. Сол арқылы әр топ постер жасап, оны қорғайды. (Оқушыларға сөйлемдер таңдату)
Үйге тапсырма:
«Өткенге өкінбеймін, бүгінгі күніме – қанағат, келешекке - үміт» тақырыбында эссе жазу барысында 3 шақтағы етістік түрлерін қолдану.
Хабарын хат арқылы жеткізді.
Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді.