Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) | 7.Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау; 7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну. Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде экологиялық мәселелер жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. 7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу. |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты шағын мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы ғаламдық экологиялық мәселелер туралы ақпарат береді. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып көлемінде сыныптастарымен сөйлесімге түсіп, экологиялық мәселелер жайлы жан-жақты ақпарат береді |
Негізгі түсініктер: | Өнеркәсіп, нашар, қалдық, жойылу, табиғат, экология, жағдай, лас, талап. |
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. ІІ. Қызығушылықты ояту: «Шаттық шеңбері» оқушыларды тұрғзып бір-бірлеріне тілек айтқызу. Қима қағаздар арқылы бірден топқа бөлу. Оқушылармен бірлесіп топтың атын, ұранын ойластыру. («Ғаламшар», «Қазақстан») ІІІ. Ой шақыру. Сабақтың тақырыбын болжау мақсатында бейнежазба көрсету; Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау. | Қима қағаздар Видео ролик |
Сабақтың ортасы Сергіту сәті: | 1 тапсырма. Екі топқа бірдей тапсырма «Экология» деген сөзге кластер құрып, оны қорғайды. Экология табиғат Қоршаған орта жануарлар ауа су Экологилық мәселелер Ауаның ластануы; Судың ластануы; Табиғаттың ластануы; Жердің тозуы. (1 тапсырма соңында оқушылар жапырақтың түстері арқылы бір – бірлерін бағалайды.) 2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін таратылады. Топтар мәтінді оқып, негізгі ақпаратты тауып, «ПОПС» формуласын пйдаланып , мәтін бойынша өз пікірлерін дәлелдейді. 1 мәтін. Менің елімнің экологиясы Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондағы тіршілік көзі жойылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Семей полигоны және Арал теңізінің тартылуы. Арал теңізінің суы тартылып, экологиялық апатты аймаққа айналды. Су тартылып теңіздің түбі құрғап қалды. Соның салдарынан ауа ластанып, қышқыл жаңбыр жауады. «ПОПС» формуласы: 1. Өз пікіріңді жаз; 2. Пікіріңді дәлелде; 3. Өмірмен байланыстыр; 4. Қорытынды жаз. Дескриптор 1. Өз пікірін білдіреді. | 2. Пікірін дәлелдеп қолданады. | 3.Мысалдар келтіре алады. | 4.Қорытынды шығарады. | Топтар бір-бірін қолпаштау арқылы бағалау. «Кім жылдам» ойының ойнату. Тақырыпқа сай берілген суреттерді көрсету. Оқушылар атауын тауып 3 тілде айту. 3 тапсырма. Мәтін мазмұнын пайдалана отырып, қаламыздың эколгиясының оң және кері әсерлерін «балық қаңқасына» салып жазу. 1 топ – оң әсерлерін, 2 топ – теріс әсерлерін. Менің қаламның экологиясы Шығыс Қазақстанның орталығы- Өскемен қаласы. Менің қалам әдемі. Өскемен- Ертіс және Үлбі өзендерінің ортасында орналасқан. Қаламызда әр түрлі табиғат аясында демалатын орындар бар. Әрбір көше бойындағы әдемі гүлдер, биік ағаштар, тоғайлар қалаға сұлулық беріп тұр. Өскемен – түсті металлургия орталығы. Аймақта түсті металл өндіріледі . Қаланың өнеркәсібі күннен –күнге дамуда. Бірақ,өнеркәсіп орындарының әсерінен қаламыздың экологиялық жағдайы нашарлауда. Өскемен- Қазақстандағы экологиясы лас қалалар қатарына жатады. (Тапсырма соңында бір – бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалау). оң әсері қала қорытынды экологиясы кері әсері 4 тапсырма. Қазақстанның экологиясын жақсарту үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу. Оқушы мен болашақ эколог ретінде. 1 топ – оқушы, 2 топ – эколог. | А4 парақ, маркер. Карточка Суреттер, «балық қаңқасы», қима қағаздар. Музыка |
Сабақтың соңы | Рефлексия. «Тілек ағашы» - мен сабақта өте белсенді жұмыс жасадым. - маған қиындық келтірген тапсырма болды, бірақ мен дұрыс орындадым. - мен тапсырманы мұғалімнің қолдауымен орындадым. Бағалау Мұғалімнің жалпы 2 топты бағалауы. Үй жұмысы Жаңа сөздерді жаттау | «Тілек ағашы» |