Ту?ан жылы: 05.07.1978 ж.?лты ?аза? Мекен жайы: ??ркелес ауылды? округі. Жа?а-талап елди мекені Т?рлыбек Хусайынов к?шесіТелефон 78775 161 33 78 Маманды?ы: ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі. Білімі жо?ары: ?аза? Мемлекеттік ?ыздар педагогикалы? институты.Санаты І.Е?бек жолын 1995-2016ж.ылдар аралы?ында ат?ар?ан. Арнайы білімі: ?аза? орыс а?ылшын тілдерін ме?гере алады.Компьютерде ба?дарламалар бойынша ж?мыс ж?ргізе алады. Отбасылы? жа?дайы: жолдасы, екі ?ыз, бір ?лы бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Мені? атым ?ожа"»
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев « Менің атым Қожа»
Мақсаты: мәтін бойынша кестемен жұмыс жүргізе оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, іс-әрекетіне, мінез-құлқына екі түрлі көзқараста баға бере отырып өз пікірлерін дәлелдеуге уйрету
Психологиялық дайындық: «Бір алған оқушы» мултьфильм көру, ой айту.
Жаңа сабақ
I Қызығушылықты ояту сатысы.
«Ойлан жұптас талқыла» әдісі.
Қожа туралы не білеміз?
Оқушылар Қожа туралы не білетіндері туралы алдымен ойланады, кейін оны жұппен ойласып, не білетіндері жайлы дәптерлеріне тізім жасайды. Қожа туралы білетіндерін көбірек жазғандары маңызды. Барлық жұптар өз тізімін жасап болған соң оны топта талқылайды.
II Мағынаны тану сатысы
Оқушыларға бағалау парағын таратып беру. Оны жұмыс барысында толтырып отырылуын түсіндіру
«Инсерт» кестесі
V – “білемін”
― - “мен үшін түсініксіз”
+ - “мен үшін жаңа ақпарат”
? – “мені таң қалдырады”
V – “білемін” - егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса
― - “мен үшін түсініксіз” – егер оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, сіз онымен келіспесеңіз
+ - “мен үшін жаңа ақпарат” - егер оқып отырған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болсаңыз
? – “мені таң қалдырады” – егер ақпарат, сіз үшін күдікті немесе таң қалдырса, немесе осы жайлы тереңірек білгіңіз келсе
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар үзіндінің кейінгі беттерін оқиды. Оқу кезінде мәтіннің шетіне білміне және түсінігіне сәйкес төрт белгіні қояды. Мақаладағы кез келген жолды немесе ойды белгілеу міндетті емес, ақпаратқа жалпы тұрғыдан келісе алады. Әр абзацқа бір-екі белгі қойса жеткілікті. Бірақ ол кейде аз, кейде көп болуы мүмкін.
Мәтінмен жұмыс аяқталған соң оны топпен бірлесе оқушылар плакатқа түсіреді, талқылау жасайды.
Ескерту : бір ой қайталанбай жазылуы керек.
Топтардың жазғандарын әр топтан бір оқушыға оқыту.
Ой толғаныс сатысы
Топта ортақ кестені талқылаған соң, жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз.
Бастапқы ақпаратпен сәйкестік бар ма? Жаңа мәліметтер білдік пе?
Топтық жұмысты бағалау
Бағалаудағы мүмкіндіктер:
Карточканың барлық бағандарын толтыру – 1 балл
Кем дегенде жоғары деңгейдегі 2 сұрақ – 4 балл
― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”
Кем дегенде 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі - 5 балл
Барлығы: - 10 балл
Қортынды: пікірталас
Тақтада ілінген суретттерге топтар арасында пікірталас ұйымдастыру
Қожаны жақтаушылар және Қожаны даттаушылар
Кері байланыс: ауызша жүргізіледі
Сабақ ұнады ма?
Кестені толтыру ұнады ма?
Несімен ұнады?
Қандай қиындықтарға тап болдың?
Бағалау: «Бағдаршам» арқылы 1 мин
Оқушылар өздерін бағалайды.
Әр жұмыс түріне бір ұпайдан есептелінеді.
Мәтінмен жұмыс
Жұппен жұмыс
Топпен жұмыс
Пікірталас
Қорытынды ұпай
1 –ұпай «Қызыл»
2 –ұпай «Сары»
3-4- ұпай «Жасыл»
Үй тапсырмасы: «Балалықтан даналыққа» тақырыбында эссе жазу.