№ 7 мектеп-гимназия мұғалімі: Байтулекова А.А.
Сынып:4 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: | Берілген тақырыптағы тапсырмаларды орындайды, Астана туралы әңгімелер айтады, сөздік қоры баииды. Грамматикалық тапсырмаларды орныдайды. | |
Сабақ мақсаттары: | Оқушылардың барлығы орындай алады: Қарапайым сөз тіркестері мен сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Оқушылардың көбі орындай алады: Тірек-сызбаларды қолдана отырып, сөйлемдер мен сөз тіркестерін құрай алады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: Мәтінге сүйене отырып, өз ойын айтады, дәлелдейді. | |
Күтілетін нәтиже: | Тыңдаған мәтінді әңгімелей алады. Грамматикалық тапсырмаларды қатесіз орындайды. Қателері болса, өздері тауып түзете алады. | |
Жаңа сөздер: | Ғимарат, салынды, сәулетші, биіктігі | |
Сабақта қолданылатын ресурстар: | Интербелсенді тақта, электронды оқулық, қима қағаздар, стикерлер, А 3 парақтары, фломастерлер, үнтаспа. | |
Оқыту әдістері: | Түсндіру, сипаттау, талдау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, « Аукцион» ойыны, «Қайталайық» ойыны, «Ой шақыру» стратегиясы, «Дұрыс, бұрыс» әдісі. | |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік | |
| Сабақ жоспары | |
Сабақ барысы және жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар. Мұғалімнің іс-әрекеті | Ресурстар. Оқушының іс-әрекеті |
Басталуы. Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут | «Сәлемдесу» . «Шаттық шеңберін» құру. «Ояндыңдарма?»- Сыныпта психологиялық ахуал орнату. -Балалар бүгінгі күн бізге ерекше нұрын шашып тұр екен. Сендер де бір-бірлеріңе жылы лебіз танытыңдар. -Ендеше, сыныптың ұранын қайталайық. Сыныптың ұранын қайталау. Сыныпты топқа бөлу. 3 жақта тұрған сөздерді таратамын. Кезекшімен сұхбат. -Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? -Қазір қай жыл мезгілі? -Қандай ай? Аптаның қай күні? -Бүгін ауа-райы қандай? -Бүгін неше сабақ? Сабақ кестесін кім айтады? Бағалау әдісімен таныстыру. Әр тапсырмадан кейін бағалау парағын толтыру | Қима қағаздар «Шаттық шеңберіне» тұрады. Оқушылар: Ояндыңдарма? Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдарма? Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдарма? Қайырлы күн, қолдарым? Ояндыңдарма? Қайырлы күн, аяқтарым? Мен ояндым? Қайырлы күн, Мұғалім! Оқушылар бір-біріне жылы лебіз танытады. Сыныптың ұранын айтады. Оқушылар: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек – 1 рет шапалақтаймыз. Ұйымшыл боламыз десек - 2 рет шапалақтаймыз. Белсенде боламыз десек - 3 рет шапалақтаймыз. 3 жақта тұрған сөздерді қораптан алып, өз топтарына барып отырады. Бағалау парағымен танысады. |
Үй тапсырмасын сұрау 7 минут | -Үйге қандай тапсырма берілді? -Ендеше үй тапырмасын ойын арқылы қорытамыз. Дискриптор – «Аукцион» ойыны бойынша әр толық, дұрыс жауапқа 1 ұпай. «Аукцион» ойыны арқылы үй тапсырмасын қорыту. Сұрақтары: ҚР рәміздерін ата. Мемлекеттік Тудың авторы кім? Мемлекеттік Туда не бейнеленген? Қ.Р Мелекеттік тілі қай тіл? Отан туралы мақал-мәтелдер айт. Қазақстан қандай мемлекет? Қ.Р. Президенті кім? Қ.Р. астанасы қай қала? Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған кімдер? Мемлекттік әнұранның әнін жазған кім? Қазақстанда неше облыс бар? Отан туралы тақпақ айт. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? Сенің Отаның қайда? | Тақырыптық суреттер. Айтылым. Үйге қандай тапсырма берілгенін айтады. Ойын ойнайды. Бағалай парағын толтырады. |
Сабақтың ортасы. Жаңа сабақ 15 минут Сергіту сәті. 2 минут | Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» әдісі. Интербелсенді тақтадан слайд көру. Астана тақырыбына байланысты суреттер көрсетіледі. Оқушылардың болжамдық жауабын тыңдау, пысықтау. Сөздік жұмысы. Ғимарат- здание Салынды – был построен Сәулетші – архитектор Биіктігі – высота Аялы алақан - Сөздік жұмысын пысықтау. Ойын «Қайталайық». Нұсқау беремін. Мәтінмен жұмыс Электронды оқулықтан аудиомәтін тыңдау. Тақырыпқа қатысты аудиомәтін тыңдату. Астана символы – «Бәйтерек » Бұл ғимарат «Астана -Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана – Бәйтерек » монументі 2002 жылы салынды. Сәулетшісі – Норман Фостер. «Астана -Бәйтеректің» биіктігі -97 метр. Мынау – «Аялы алақан» композициясы. «Астана – Бәйтерек» монументі – биік және әдемі ғимарат. «Астана - Бәйтерек» - Астана символы. -Енді топпен жұмыс жасайсыңдар. 1 топ- Топтастыру жасайды 2 топ- Диалог құрайды 3 топ- Сұрақтар құрастырады. Дискриптор – 5-6 сөйлемнен тұратын жұмыс болу керек. Топпен жұмысқа белсене қатысса – 2 ұпай, жұмысты қорғаса – 4 ұпай. Интербелсенді тақтадан видео көрсету. | Слайдтар. Тыңдалым. Видеослайд көреді. Оқушылардың жауабы. Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Ойын ойнайды. Тыңдалым Аудиомәтін тыңдайды. Оқушылар топпен жұмыс істейді. Жұмыстарын қорғайды. Сергіту сәтін орындайды. |
«Грамматика әлемінде» 6 минут | Сиқырлы қораптан тапсырмалар беріледі. «Астана» сөзіне – септік жалғауларын жалғау «Бәйтерек» сөзіне – тәуелдік жалғауын жалғау Ғимарат сөзіне – фонетикалық талдау жасау. Дискриптор – Сөздерге септік, тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғау, фонетиканы орындау сауатты жазу. Қатесіз жұмыс – 3 ұпай 1-2 қате – 2 ұпай 3-4 қате – 1 ұпай 5 қатеден жоғары – 0 ұпай | Жазылым. Қима қағаздар. Топбасшысы қораптан тапсырманы алып , жеке-жеке орындайды. Топтан бір оқушы оқиды. Бір-бірінің жұмысын өзара тексереді, бағалайды. |
Сабақтың соңы. Қорытынды. Бекіту. 3 минут | «Дұрыс, бұрыс» әдісін қолдану. Сұрақтар | Дұрыс | Бұрыс | 1 «Астана - Бәйтерек» монументі 2005 жылы салынды. 2 «Астана – Бәйтерек» монументінің сәулетшісі – Норман Фостер. 3 «Астана - Бәйтеректің» ұзындығы – 97 метр. 4 «Астана – Бәйтерек » монументі кішкентай ғимарат. 5 «Астана - Бәйтерек» - Астана символы. 6 Астана еліміздің оңтүстігінде орналасқан. | | | Дискриптор – Сұрақтың дұрыс жауабын анықтайды, ойларын дәлелдейді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. | Айтылым. Оқушылар «Дұрыс, бұрыс» әдісі арқылы берілген сұраққа жауап береді, ойларын дәлелдейді. Жұмыстарын бағалайды. |
Үй тапсырмасын беру. | «Астана - Бәйтеректің» суретін салу, 10-12 сөйлемді шағын әңгіме жазу. | Үй тапсырмасын жазады. |
Бағалау. 5 минут Кері байланыс 2 минут | Стикерлер таратып беремін. «Алма ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасау. Қызыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, көңіл-күйім көтеріңкі. Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ –деп бағалайсыңдар. | Оқушылар топты бағалайды. Өзін өзі бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды. Оқушылар сабақ бойы алған әсерлерін стикерлер арқылы алма ағашына жабыстырады. |
Рефлексия. Сабақ мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | | |
1 «Аукцион» ойыны бойынша әр толық, дұрыс жауапқа – 1 ұпай.
2 Мәтінмен жқмыс – 5-6 сөйлемнен тұратын жұмыс болу керек. Топпен жұмысқа белсене қатысса – 2 ұпай, жұмысты қорғаса – 4 ұпай.
4 «Дұрыс, бұрыс» стратегиясы – сұрақтың дұрыс жауабын анықтап, ойларын дәлелдеу -1 ұпай.