Просмотр содержимого документа
«"Астана" тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінең сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстан қалалары туралы қысқаша мағлұмат беру.Қазақстанның бас қаласы жайында түсініктерін кеңейтуде оқушылардың сөздік қорын молайту,тіл байлығын жетілдіру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын елін,жерін, сүюге патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп, саралап оқыту.
Мұғалім сөзі:Қазақстанның ірі қалалары туралы қысқаша әңгімелеу.
Сұрақтар:
Орта ғасырда Қазақстанда қандай қалалар бой көтерді?(Суяб,Құлан,Мерке,Тараз, Отырар,Исфиджаб сияқты қалалар).
Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?( Оқушылар картадан көрсетеді).
1.3. Қандай қалалар ХХ ғасырда Қазақстанның астаналары болды?
1.Қазақстанның ескі-жаңа елордалары
Орынбор
Қызылорда
Алматы
Астана
Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. а) Мәтінді мәнерлеп оқу. ә) Астана тарихы туралы әңгімелеңдер. б) Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
2. Сөздікпен жұмыс.
Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Жаңа сөздерді табу.
Сөйлемдер құрастыру.
Күмбез – купол
Бейіт – могила
Қаланған – основан
Өңдеу – здесь: перерабатывать
Илеу – дубление, выделывание
Қайнату – кипятить
Қасапхана – бойня
Жарлық - Указ
Мәртебе – Статус
Бекініс – Укрепление
3.Мәтінмен жұмыс.
Тапсырманы оқыта үйрету ойыны арқылы орындау. «Астана тарихы»
Жылдар
Негізгі оқиғалар
1830ж.
Ақмола қаласы қаланған
1862ж.
Қала мәртебесі берілді
1863ж.
Ақмола қаласы округ болды
1868ж.
Ақмола қаласы уезд орталығы болды
1914ж.
Мәдени – ағарту, тері илеу, сыра қайнату, сабын қайнату т.б шеберхана жұмыс істеді
1914ж.
Қала тұрғындары 15 мыңға жетті
1928-30ж.
Округ орталығы
1930-39ж.
Аудан орталығы
1939ж.
Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды
1992ж.
Целиноград қаласы деп аталды
1993-98ж.
Ақмола қаласы болды
1997ж.
Қазақстанның астанасы болып жарияланды
1998ж.
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді
Сұрақ:
1.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемде?
3.3.Мәтіннің мазмұнын әңгімелету.
4.Тақтамен жұмыс:
Мәтінді абзацқа бөлу.
Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңдар.
Біріккен сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз
Тіркескен сөз
Ақмола, Целиноград, оңтүстік, жазық, мәртебесі, дәуірінде
Мәдени- ағарту, саяи-экономикалық
--------------------
май өңдеу, тері илеу, сабын қайнату, тон тігу, сыра қайнату, үш кірпіш, жиырма шеберхана, қала тұрғындары, тұрғындар саны, т.б.
Деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтарды орындау.
ІІІ деңгей
Сөйлемдерді толықтырыңдар.
Астана - ... астанасы.
Алғашында Ақмола ... бекініс болған.
1998 жылы Ақмола қаласының атауы ... болып өзгертілді.
ІІ деңгей
Мәтіннен күрделі сан есімдерді теріп, үлгі бойынша жазындар.
Үлгі: он үш – тіркескен сан есім.
Мәтін мазмұнына байланысты 10 сұрақ дайындандар.
І деңгей
Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, толық әңгімелеңдер.
«Астана – жас қала» атты шығарма жазыңдар.
2-тапсырма. Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Астана – (ненің?) астанасы. Қала Есіл өзенінің (қайда?) (қандай?) жерде орналасқан. Ақмола атауы (қашан?) тұрғызылған (қандай?) бейітке байланысты туған. Ақмола қаласының негізі (қашан?) қаланған. Алғашында Ақмола (қандай?) бекініс болған.
(Қашан?) қалада (қанша?) кірпіш, (қанша?) май өңдеу, (қанша?) тері илеу, (қанша?) сабын қайнату, (қанша?) тон тігу, (қанша?) тон тігу, (қанша?) сыра қайнату зауыттары, қасапхана, (қанша?) (қанша?) шеберхана жұмыс істеді.
(Қашан?) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы (ненің?) астанасы болып жарияланды. (Қанша?) Ақмола қаласының атауы (не?) болып өзгертілді.
Сабақты қорытындылау
Жеке оқушының және сыныптың жұмысына сапалы баға беру.
Рефлексия:
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді төмендегі түстер арқылы көрсетіңіздер: