Сабақ барысы | «Тәтті тоқаштар рыногындағы» модульдеуші ойыны. Жаттығудың мақсаты-тұтынушы үшін бәсеке басымдылығын (төмен баға, жасқы сапа, жақсы қызмет көрсету, кең таңдау), бәсеке күресінің механизмін және монополист пайда болуын анықтау. Оқушыларға олардың бәсекенің өндіруші мен тұтынушы мінез-құлқына әсер етуін түсінүге көмектесетін модельдеуші жаттығуларға қатысатынын түсіндіріңіз. Оқушылардың қайсысы тәтті тоқаш өндіруші (бір мезгілде сатушы) болғысы келетінін анықтаңыз. Сатушылардан 3-4 адамнан тұратын 5 команда құрыңыз. Сыныптың жартысы сатушы болады. Егер сынып шағын болса, бес қана сатушы сайланады. Қалғандары- тәтті тоқаш сатып алушы. Шарт:барлық өндірушілер бірдей көлемді және бірдей компоненттерден (ұн, жұмыртқа, қант) тұратын тоқаштар пісіреді, сондықтан бірдей бағамен сатады (Бастапқы шикізат құны ескерілмейді). Өндіруші сатып алушыны қалай таратады? Өндірушілердің мақсаты- бәсеке күресте жеңу тәсілін табу. 10-15 минут талқылағаннан кейін командалар бәсекелестермен күресетін өз тәсілдерімен таныстырады. Командалар жұмысы кезінде оқушыларға бағыттаушы көмек көрсетіңіз: бастапқы өнімдер құрамы өзгерте алады, мысалы, тоқаштарға аз қант қосады. Сонда тоқаш арзанырақ болады. Керісінше тоқаштарға тәтті нәрселер, повидло қосуға болады. Онда тоқаш қымбаттайды, бірақ осындай тәтті тоқашты жегісі келетін тәтті жейтін адам кездесуі мүмкін. Сатып алушы тауарды алуы үшін жарнама керек. Сатып алушыға мүмкін сыпайы қызмет көрсету немесе тауарды үйге жеткізу ұнайтын шығар? Өндірушілерден өз фирмаларына ат қоюды өтінеміз.Таныстыру алдында сатып алушыларға ескертіңіз, бір-бірімен кеңесуге болмайды. Өз таңдауын әркім өзі жасауы керек. Командалар жұмыс істеп жатқанда әр сатып алушы алғысы келетін фирма атауы жазылған қағаздарды жоғары көтереді. Бәсеке күресінде жеңген өндіруші анықталуы мүмкін. Балалардан осы таңдауды жасауға не көмектесетінін сұраңыз (төмен баға, жарнама, тоқаштың ерекше түрі). Өндірушілер бәсексіенн сатып алушыға қандай пайда? Мүмкін өндірушілердің біреуі тәтті тоқаштар рыногының жалғыз сатушысы болар. Оқушылардан осы ситуацияны талдауды өтініңіз. Бұл сатушы қалай аталады? (монополист). Ол басқаларды ығыстырып, рынокта қалай жалғыз қалды? Бәсекені қолдау үшін мемлекет не істеуі керек? |