Апта | | 7-сынып |
Сабақтың тақырыбы: | «Бабалар сөзі- ақылдың көзі» |
Сабақтың мақсаты: | Шешендік сөздер туралы түсінік ала отырып, Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің сөздерінің мәнін, мағынасын ұғынып, өмірде өз қажеттіліктеріне пайдалана білуге үйрену |
Сілтеме | Әдебиет оқулығы, Интернет материалдары-youtube, презентация, инетрбелсенді тақта, кітаптар көрмесі |
Күтілетін нәтижелер | А) Билердің өмір жолы, шешендік сөздерін таниды В) үш бидің айтқан сөздерін оқып, мағынасын ашып, өз ойын тұжырымдайды С) билердің шешендік сөздерін бүгінгі өмірмен салыстырып, қорытынды жасайды |
| Сабақтың жүру барысы |
Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
2 минут | I. Кіріспе Ұйымдастыру Психологиялық дайындық Оқушыларды топқа бөлу 2) Сабақтан не күтеміз -Түйінді ой -Қызықты пікірлер -Сұраққа толық жауап | Оқушылардың пікірін айтады |
4 минут | Үй тапсырмасын тексеру «Иә», «Жоқ» әдісі Әйтеке би жылдары 1667-1764 жылдары өмір сүрген? «Жоқ» Төле би Жамбыл облысы Шу өзенінің жағасында дүниеге келген? «Иә» Қазыбек би Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген? «Иә» Қазыбек би 1644-1700 жылдары өмір сүрген? «Жоқ» 22 қыркүйек Тілдер мерекесі «Иә» Әйтеке би Өзбекстандағы Нұрата тауының Бұхара жерінде дүниеге келген? «Иә» «Төле өлді дегенше, Дүниеден әділет өлді десеңші» Төле би «Жоқ» «Елдің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?» Әйтеке би «Иә» «Суды көп кешсең – шалшық, Сөзді көп сөйлесең – тантық» Қазыбек би «Жоқ» «Көлде жүрген қоңыр қаз, Көл қадірін білмейді «Қазыбек би «Иә» | Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға топ болып кезектесе «Иә», «Жоқ» деп жауап береді |
9минут | Тұсаукесер «Бабалар сөзі – ақылдың көзі» Видеода не туралы айтылды? Қазақтың билері кімдер? Шешендік сөздер дегенді қалай түсінесіздер? «Мәңгілік Ел» ұғымын қалай түсінесіздер? | Интерактивті тақтадан видео ролик қарайды. Сұрақтарға жауап береді |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
14 минут | Негізгі бөлім «Топтық тапсырма» | Оқушыла үш топқа берілген тапырма бойынша орындайды: 1-топ: «Қазыбек би қазып айтады» презентация қорғайды 2-топ: «Төле би тауып айтады» постер қорғайды 3-топ: «Әйтеке би әділін айтады» көрініс қояды |
7 минут | Оқулықпен жұмыс Әйтеке бидің нақыл сөздерінен нені аңғардыңыздар? Төле бидің айтқан жұмбағының өздерің білетін жұмбақтардан қандай айырмашылығы бар? Қазыбек бидің толғауы қандай талап-тілектерге арналады? Тәелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында билердің тұрақтылық, бірлік жайындағы сөздерін білесіздер ме? -
| Оқулықта берілген билердің сөздерімен танысады 1-топ: Қазыбек би 2-топ: Төле би 3-топ: Әйтеке би |
5 минут | Қорытынды Екі түрлі түсініктеме күнделігі Ұнаған үзінді | Үзінді жайлы пікірім | | | | Оқушылар билердің сөзінен өзіне ұнағанын таңдап, үзінді жайлы пікірін жазады |
3 минут | Бағалау. Жиынтық бағалау «Кері байланыс парағы» Аты: Сабақта не ұнады? Өзіңе қояр баға: Сыныпта кімге «5» қоясың? | Оқушылар берілген сұрақтар бойынша өзін-өзі бағалайды |
1 минут | Үйге тапсырма Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің сөздерінен үзінді жаттау; Шешендік сөздер туралы айтылған пікірлерді жазып келу | Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады |