І.Сабақтың басы. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
1.Сыныпқа кіріп, амандасамын, сұхбаттасамын. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, алдында өткен сабақта нені үйрендіңдер соны еске түсірейік. «Өрмекші торы» әдісімен үй тапсырмасын тексеріледі.
1.Сыныпқа кіріп, амандасамын, сұхбаттасамын. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, алдында өткен сабақта нені үйрендіңдер соны еске түсірейік. «Өрмекші торы» әдісімен үй тапсырмасын тексеріледі.
2.Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады.
1.«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық»
2.«Ғылым таппай, мақтанба,
Орын таппай, баптанба»
3.«Білім-таусылмайтын кен,
Ақыл-сарқылмайтын бұлақ»
«Бағалау парақшасына» назар салайықшы.
«Бағалау парақтарын» толтыру ретін түсіндіремін.
Қызыл- түсінбедім;
Сары- толық түсінбедім;
Жасыл- түсіндім. Тапсырмаларды орындауыңа қарай белгілеп отыратын боласыңдар.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына көңілімізді аударсақ. Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы! Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындыру үшін біз не істей аламыз? Ол үшін топқа бөлу кезіндегі өлеңдерге назар аударайық. Сіздерге бағыт болады.
-оқимыз,тыңдаймыз, жазамыз.
-қолданамыз, жинақтаймыз,талдаймыз.
- Не аңғардыңдар? Осы сөздердің барлығы нені білдіреді?
- Ендеше балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше – Баяндауыш.
3. Топтар алдында баяндауыш туралы ақпараттар парағы ұсынылған, тақырыппен танысады және постер қорғайды. Алған мәліметтерін тірек сөздер арқылы түсіндіреді. Оларға қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу тапсырылады.
I топ
-Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі
-Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
-Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.
- Баяндауыш құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып жіктеледі.
II топ
- Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі
-Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
-Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.
-Сөйлемде етістік, сын есімдер,зат есімдер баяндауыш болады.
III топ
- Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі
-Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
-Сан есімдер, есімдіктер, көмекші етістік пен еліктеуіш сөздер баяндауыш болады.
Бағалау парақтарына баға қоюларын
естеріне саламын.
4.Сендер «Баяндауыш» туралы біраз білім жинақтапсыңдар.Маған жауаптарың ұнады (смайликтер постерге ілемін). Оқушыларға сөздерден баяндауыш етіп сөйлем құрау тапсырмасы ұсынылады. Сағаттың бағытымен айнала жүріп, орындалған жаттығуларды тексеру тапсырмасы жүктеледі.
Оқушыларға «Зейінді оқушы»тақырыбында сыныптасы жайында шағын әңгіме құрау тапсырмасы беріледі. Сөйлем ішінде есім сөздерді,етістіктерді баяндауыш етіп қолдану ескертіледі.Әр топтан бір оқушы «Автор орындығында» отырып оқиды.