«Ой қозғау» әдісі Тыңдалым алды. Батыр Баян туралы аудиомәтін тыңдайды. Тыңдалым тапсырмасы «Тұлғаны таны» әдісі 1-тапсырма. Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды. Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды. 1-топ Батыр Баянның елі үшін жасаған ерлігі суреттелген жерді тауып, кейіпкер бейнесін ашыңыз. _______________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор Білім алушы - Батыр Баянның елі үшін жасаған ерлігі суреттелген жерді табады -кейіпкер бейнесін ашады 2-топ Батыр Баянның биік адамгершілік тұлғасын танытатын жолдарды анықтап, гуманистік тұрғыдан талдаңыз. ________________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор Білім алушы - Батыр Баянның адамгершілік тұлғасын танытатын жoлдарды анықтайды; - Батыpдың бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды. ҚБ: Бас (не білдік?) – жүрек ( не сезіндік?) - қол (не істедік?) Саралау. Тапсырма арқылы саралау. Оқушыларға 2 түрлі тапсырма беріледі, тапсырманы топпен орындау тапсырылады. 2-тапсырма «Бұл неліктен ең жақсы?» әдісі. Шығармада сізге кейіпкердің қай қасиеті көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз).Шығармадан батырдың бейнесін танытатын жолдарды табыңыз. Батырға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіріңіз. Дәлеліңіз (өлең жолдары) . Кейіпкер бейнесіне ене отырып, жыр шумақтарын жатқа айтыңыз. Дескриптор Білім алушы -шығармадан батырдың бейнесін танытатын жолдарды табады; -жыр жолдарынан батырға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді. -жыр үзіндісін жатқа айтады. -кейіпкер бейнесін сомдайды; ҚБ: Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау Саралау . Қолдау арқылы саралау. Бір тапсырма беріледі, алайда орындау барысында балаларға мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма. «Баянның батырлығы Алашқа аян» осы пікірді дәлелдеп, «ПОПС формуласы» бойынша қорытындылаңыз. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, .....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….» Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, үзінділермен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен ..........деген шешімге келдім.... ». ҚБ: «Шапалақтау» әдісі Саралау : Нәтиже арқылы саралау. Бір тапсырма беріледі, оқушылардан жеке нәтиже күтіледі |