Жалпы «Алматы» метросы, «Байқоңыр», «Абай», «Райымбек батыр» бекеттері туралы мағлұмат алады;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сабақ барысында ғаламтордан қажетті мәліметтер таба алады;
Көкірегі ояу, елін, жерін құрметтейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптасады.
Уақыты | Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны. | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. |
1 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. | Қайырлы күн көк аспан! Қайырлы күн жер-ана! Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым! | Қайырлы күн көк аспан! Қайырлы күн жер-ана! Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым! |
2минут | Топқа бөлу кезеңі. | Түрлі-түсті стикерлерді ұсыну арқылы топтарға бөлу.Сары түсті стикерді таңдаған оқушылар «Сұңқар» тобына, көк түсті стикерді таңдағандар «Тұлпар» тобына, қызыл түсті стикер таңдағандар «Қыран» тобына шоғырланады. | Оқушылар стикерлердің түсіне қарай топтарға бөлінеді. 1-топ «Сұңқар» 2-топ «Тұлпар» 3-топ «Қыран» |
2 минут | Топ жетекшісін тағайындау. | Мұғалім топ жетекшісін тағайындауды ұсынады. | Әр топтағы оқушылар топ жетекшісін тағайындайды. |
2 минут | Топ жетекшілеріне бағалау парақшаларын тарату. | Мұғалім әр топ жетекшісіне бағалау парақшаларын таратады. | Топ жетекшілері бағалау критерийлерімен танысады. |
6 минут | Үй тапсырмасын тексеру. «Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй жұмысын тексеру. | «Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. | Оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып,бір-біріне доп лақтыру арқылы сөздік қорын тексереді, диалог, мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауабын алады. |
2 минут | Жаңа тақырып: «Байқоңыр» бекеті. | Ой қозғау. Балалар, біздің Қазақстан қалаларының ішінде қай қалада метро бар деп ойлайсыңдар? Кім сол метрода болды? | Оқушылар топтық жұмыс арқылы метро туралы білетін мәліметтерін ортаға салады,түсініктерін әңгімелейді,талдайды. |
6 минут | Слайд-презентация. | Жаңа тақырып: «Байқоңыр» бекеті слайд-презентация көрсету. 1.Алматы метросы. 2.Метро бекеттері. 3.Жаңа сөздер. 4.Сөзжұмбақ. | Оқушылар интербелсенді тақтадан бейноматериалды көріп, қай қала, қай метро екенін анықтайды. Жаңа сөздермен танысып, дауыстап қайталайды, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырып, дәптерлеріне көшіріп жазады. |
5 минут | Оқулықпен жұмыс: Жұптық, топтық жұмыс. | Мәтінді оқып, сұрақтар қою арқылы диалог құру. Сұрақтарға жауап беру.Әр топ жетекшісі доп лақтыру арқылы басқа топ мүшелерінен қойылған сұрақтарына жауап алады. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс.Әр топтан бір жұп ортаға шығып сурет бойынша құрастырған әңгімелерін ортаға салады. «Кубизм» стратегиясын қолдану арқылы грамматикалық тапсырманы орындауын қадағалайды. | Оқушылар оқулықпен жұмыс жүргізеді. Сурет бойынша әңгіме құрайды. Ұқсас диалог құрастырады. Әр топ жетекшісі қарама-қарсы топ мүшелеріне қарай кубикті лақтыру арқылы, оның алты қырына жазылған «Бекет», «Метро», «Бәйтерек» , «Қала», «Доп», «Саябақ» сөздері бар алты қырының бірі түссе, сол сөзді тәуелдеуді, септеуді талап етеді. |
2 минут | Сергіту сәті. | «Төрт қадам алға, төрт қадам артқа» сергіту сәтін орындату. | Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен сергіту сәтін орындайды. |
5 минут | Постер қорғау. | «Сұңқар» тобына «Байқоңыр бекеті» туралы, «Қыран» тобына « Абай» бекеті, «Тұлпар» тобына «Райымбек батыр» бекеті туралы ғаламтор арқылы ақпарат әзірлеп, постерді безендіріп, тақырыпты қорғау тапсырылады. | Әр топ мүшелері тапсырылған бекеттер бойынша ұялы телефондар, планшеттер арқылы ғаламтордан аталмыш бекеттер туралы ақпарат тауып, постерді түрлі-түсті маркерлермен безендіріп, ортаға шығып қорғайды. |
5 минут | Дәптермен жұмыс. | 3-тапсырмадағы сөздерді бір-бірінен ажыратып, сөйлемдер құрап жазу.Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу. «Менің сүйікті бекетім» тақырыбына шағын эссе жазуын қадағалау. | Оқушылар дәптерлеріне тапсырмаларды орындайды. |
3 минут | Бекіту. | Сыни тұрғыдан ойлау модулін жүзеге асыру барысында интербелсенді тақта арқылы сөзжұмбақтар шешу, сөздердің аудармасын табу тапсырмалары беріледі. | Оқушылар интербелсенді тақтадағы сөзжұмбақты шешеді, сөздердің аудармасын сәйкестендіреді. |
2 минут | Кері байланыс. | Оқушылардың пікірлерінің жазылуын қадағалайды. | «Бағдаршам» әдісін қолдану арқылы оқушылар тілектерін жазып, «Бағдаршам» салынған плакатқа жабыстырады. |
2 минут | Үй тапсырмасы. | 73-бет, мәтінді мазмұндау, сөздік жаттау, мәтін бойынша диалог құру. | Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |