Сабақ жоспары:
7 «А» сынып; қазақ тілі; 24.11.16
Сабақ тақырыбы:
Балаларға арналған сайттар.
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Мәтіндер арқылы балаларға арналған сайттардың ерекшелігі жайлы мағлұмат беру.Сын есімнің шырайларын қайталау.
Тақырып аясында жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру,шығармашылық қабілетін дамыту.
Қысқа мәтіндер арқылы оқушыларды ғаламторды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
ОТЖ: Тапсырмалар арқылы балаларға арналған сайттардың өзіндік ерекшелігі жөнінде ақпарат бере алады.
ОТЖ: Қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы балаларға арналған сайттардың тиімділігін сипаттайды.
ОЖЖ: достырымен сайттар туралы мәтін құрайды. Сыныптастарымен тақырып аясында тілдесе алады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта,слайдтар,желім қағаздар,суреттер,А4 парағы,түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер,тақырыпқа қатысты суреттер,рефераттар.
Оқу әдістері:
Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, жұптық жұмыс,сергіту жаттығуы, «Шағын шолу»тәсілдері,диалог, «Бинго»ойыны.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу:
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ барысында оқушыларға А4 парағын таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик)салады.