(МК, Ұ) Сабақтың жаңа сөздерін (жазушы, батыр, балуан) суреттер мен түсініктемелер арқылы меңгерту. | | Жазушы – көркем шығарма жазумен айналысатын адам. | | | Батыр – ел қамы үшін жаумен айқасып, жеңіп шыққан адам. | | | Балуан – күреске түсетін, күреспен айналысушы адам. | Дұрыс айт! Жазылады: | Айтылады: | жазушы | [жазұушұ] | балуан | [балұуан] | (Ө) Тыңдалым. Мәтін екі рет тыңдалады. Тыңдалым мәтіні: Бауыржан Момышұлы – батыр, жазушы. Жас кезінде балуан болған. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бауыржан Момышұлы – соңғы панфиловшы. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан. Ол көптеген өлеңдер, кітаптар жазған. А) Мәтін кім немесе не туралы? Батыр туралы Жазушы туралы Балуан туралы Соғыс туралы Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегідей сұрақтар қояды: • Бауыржан Момышұлы кім? • Ол қандай соғысқа қатысқан? • Қандай шайқасқа қатысқан? • Бауыржан Момышұлы жазушы ма? Ал сен Бауыржан Момышұлы туралы тағы не білесің? Астана қаласында Бауыржан Момышұлы атында көше бар ма? (Т) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырмада берілген мәтін мазмұнымен танысу. Біз Бауыржан Момышұлын батыр ретінде танимыз. Ол көптеген өлең, кітаптар жазған. Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде «Жазушыға», «Ана тілін ардақта», «Досыма» деген өлеңдер шығарған. Ол – «Мәскеу үшін шайқас», «Куба әсерлері» кітаптарының авторы. Осы берілген мәтінді негізге ала отырып, төмендегі суреттер мен тірек сөздерге сүйеніп, басқа да қазақтың Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлары жайлы әңгімелеп беру. | Талғат Бигелдинов, ұшқыш. 2 мәрте Кеңес Одағының батыры | Шығармалары: «Илдер шабуыл жасайды», «305 рейд» және т.б. | | Қасым Қайсенов, Украина майданы партизаны. | Шығармалары: «Жас партизандар», «Жау тылында» және т.б | | Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры | Шығармалары: «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз» және т.б | Дескриптор: - айтылым ережесін сақтау; - жүйелі мазмұндау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар бір-біріне екі жұлдыз қойып, бір тілек айтады. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 жауап. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. Сергіту сәті. «Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе партада отырады. Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. (Ұ, Ө) Грамматикалық қоржын Кесте бойынша атау септігінен кейін келетін септеулік шылаулар туралы айту. Атау септігінде тұрған сөз | Септеулік шылау | Етістік | Бауыржан Момышұлы | сияқты | батыр болғым келеді | (МК, Ұ) Жазылым. Төмендегі сөздерді пайдаланып, өзара желілес сөйлемдер құру. батыр | балуан | жазушы | Бауыржан | қатысу | қазақ | өнер | көше | Бірінші сөйлемдегі сөзді келесі сөйлемде жіктеу есімдігімен алмастыру керек. Үшінші сөйлемде атау септігінен кейін қолданылатын септеулік шылауларды қолдану қажет. арқылы | жайында | жөнінде | туралы | үшін | сияқты | Үлгі: Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының батыры. Ол ұшқыш болған. Ол туралы кино түсірілген. Дескриптор: (Т) Жазылым. Оқушылар топқа бөлініп, «Кім жылдам» ойыны негізінде жарысады. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді өздері қойып жазады. б...лу...н | б...ты... | ...лең | к...т...п | ж...зу...ы | ш...ғар...а | ...н...р | к...ш... | |