Жалпы мақсаттар: Сабақтың түрі: Сабақтың типі : | Тақырып бойынша білімдерін толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту; Тіл дамытушылық: көру, есте сақтау, сөйлем құра білу қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдесім әрекетін жандандыру; Оқушы нені білуі тиіс: септік жалғауларын орынды қолдануды, сөйлем құрауды және сөз құрамына талдауды білу. Оқушы нені игеруі қажет: трек-схема арқылы сөйлем құруды, сұрақтарға жауап беруге, сөздерді сөйлемде дұрыс қолдануды игеру. жаңа сабақ жаңа білімді меңгерту. |
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру «Миға шабуыл» Үй тапсырмасын тексеру Жаңа сабақ. «Ой қозғау» | Амандасу. Мұғалім сұрақтар қояды. Балаларға әртүрлі тапсырмалар берілген, өздері қалаған тапсырманы орындап келеді.( өз мектебі жайлы презентация,сұрақ-жауап, мақал, әңгімелеу. Балалар жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін бізге Камила сөзжұмбақ дайындап келді. | Оқушылар бір -біріне жылу лебіздерін білдіреді,өзара жылы қарым қатынас орната отырып, тренингке қатысу,бір-біріне жақсы қарым қатынас орнату, ынталандыру. Мұғалімнің қойған сұрағына толық жауап беруге үйренеді. Оқушылар мектеп тақырыбына дайындап келгендерін ортаға салады. Калиланың қойған сұрақтарына жауап беру арқылы сөзжұмбақтың шешуін тауып, жаңа сабақ тақырыбын табады. | |
Жаңа сөздермен жұмыс Оқулықпен жұмыс Кесте бойынша жұмыс Оқулықпен жұмыс Мәтінмен жұмыс | Балалар, сонымен қандай сөз шықты? Мұғалім -Иә, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Біздің мұғалім» Біздің осы сабақтағы мақсатымыз мұғалім туралы әңгімелей алу. Сабағымызға керекті жаңа сөздермен танысып, жұмыс жасайық. Тақтада жаңа сөздер беріледі. Қазақша-орысшасын оқимын.Сөздіктеріне жазғызамын. Жаңа сөздер: білімді-образованный(-ая,-ое) мейірімді-добрый (-ая,-ое) көңілді-весёлый (-ая,-ое) үйрету-учить,научить жазу-писать есеп шығару-решать задачи ән айту-петь сурет салу-рисовать сабақ-урок Оқулықтың 125 бетіндегі 4-тапсырмамен жұмыс. Сұраққа кесте бойынша жауап беру. Мұғалім нені үйретеді? Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, қысқаша орыс тіліне мазмұндау, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын. Тапсырмалар беремін. 1-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік , жіктік, септік жалғаудағы сөздерді тауып ажырату. 2-тапсырма. «Мұғалім» сөзін тәуелдеу. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. 1.Менің мұғалімімнің аты жөні .... 2. Ол білімді ...,.... 3. Ол бізге ... береді. 4. Ол бізді оқуға,... үйретеді. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Сенің мұғалімің кім? 2.Сенің мұғалімің қандай? 3.Ол сені неге үйретеді? 4. Сен өз мұғаліміңді жақсы көресің бе? 5-тапсырма. Жоқ, иә сөздерін қолданып толық жауап беру. 1.Сенің мұғалімің жаман. 2.Мұғалім сабақ бермейді. 3. Менің мұғалімім маған жазуды үйретеді. 4.Мұғалім дүкенде жұмыс істейді. | Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді. Тақтадан жаңа сөздерді оқиды, сөздік дәптерлеріне жазады, буын түрлеріне ажыратады,сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Топпен берілген сөзге ауызша фонетикалық талдау және септіктерде септейді. 1-қатар. сабақ 2-қатар. есеп 3-қатар. ән Оқулықпен жұмыс жасайды. Оқушылар мәтінді оқып, өздері аударады, сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырма тәуелдік, жіктік, септік жалғауларындағы сөздерді тауып ажырату. 2-тапсырма«Мұғалім» сөзін тәуелдеу. 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер қойып жазу. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. | |