Просмотр содержимого документа
«Д.Бабатай?лы «Аяг?з ?айда барасы??»»
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Д.Бабатайұлы
«Аягөз қайда барасың?»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Д.Бабатайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;
Дамытушылық:
мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;
Тәрбиелік:
Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Шешендік сөздер дегеніміз не?
2. шешендік сөздер нешеге бөлінеді?
3. Қандай би-шешендерді білесіңдер?
4. Шешендік сөздерді жатқа мәнерлеп оқу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Дулат Бабатайұлының өмірі жөнінде деректер өте аз. Туған,өлген жылы да әр түрлі аталып келеді. Ақын жырларының дені ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты туған деуге болады.
Дулаттың өзіне ғана тән ерекшелігі-поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып,оны ел басшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі. Екіншіден, патша өкіметінің отаршылдық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтере алды.
Өлеңнің мазмұндық желісіне арқау болған мәселе-патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты екенін түсіндіре отырып, «Аягөз қайда барасың?» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?
Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?
Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.