Сабақтың тақырыбы: | Далада боран 3-сынып |
Білімділік : Дамытушылық: Тәрбиелік: | Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушының қысқы ойындар туралы жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту. Жаңа тақырып бойынша өз беттерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптасытру Спортпен шұғылдануға тәрбиелеу |
Сілтеме : | Оқу бағдарламасы. «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі: қысық ойындарға байланысты сөздерді пайдалана алады. Орташа жетістігі: сөйлеу үлгілері негізінде қысқы ойындар туралы айта алады. Жоғарғы жетістігі: Қысқы ойындар жайлы достарымен диаолг құр алады. |
Негізгі түсініктер: | Боран, соғады, тақта, суреттер, парақшалар, кестелер. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Слаидтар, интерактивті тақта, суреттер, парақшалар, кестелер. |
Оқыту әдістері: | Талдау, сипаттау, диалог, талдау, әңгімелеу», «Шаттық шеңбер» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы «Бағдаршам» тәсілі, сергіту сәті, |
Дерек көздері : | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. сөздіктер |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сәлемдесемін. Оқушыларды түгендеймін. Назарларын сабаққа аударамын. Құрал жабдықтарын тексеремін. Оқушылармен шаттық шеңберін құрып, Жақсылыққа, бақытқа Талпынған әр уақытта Бала біткен дос бауыр Болмасын еш тосқауыл Ақпыз,қара, сарымыз Ағайынбыз бәріміз | Сәлемдеседі. Өлең жолдарын қайталайды. Оқушылар бір- біріне тілек айтады |
Өткен сабақты тексеру: | Өткен сабақтың тапсырмаларын тексеремін, кемшіліктерін түзетемін. | Тапсырманы әңгімелейді , тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
Қызығушылықты ояту: | Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып тақтадағы плакаттар ( қыс, аяз, суық, сырғанақ, аққала) т.б. бірнеше сөздерді жазамын. | Оқушылар тақтаға кезекпен шығады. Маркерлерді пайдаланып сөздерге ассоциаграмма құрайды. |
Мағынаны тану | 1 . Сөздік пен жұмыс Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, сөздердің аудармасын айтамын. Сөздіктерді оқимын, оқушыларға қайталатамын. 2. Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Суреттегі берілген балалардың іс- әрекеттер бойынша оқушылармен бірге талдау жүргіземін. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды. Тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздерді дұрыс айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді. Тілдесім .Сурет бойынша оқушылар әңгіме құрайды. |
Дұрыс айт! Айдарымен берілген сөздерді дұрыс айтуға жаттықтырамын және бірнеше қайталатамын. 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А)Жазылым. Дұрыс,сауатты жазу үшін 1-тапсырмадағы балаларға сипаттама бергіземін,және сауатты жазуға жандандырамын. Айтылым. Ойлау қабілеттерін дамыту, жандандыру үшін 2-тапсырманы орындатамын “Сыр сандықтағы”сөздер оқытамын,бірнеше -қайталатамын. 4.Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығу жасайды. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, естеріне сақтайды, қайталады. Жазылым. Балалардың не істеп жатқанын сипаттама береді,сауатты жазады. Айтылым. Берілген суреттерге сөйлем құрастырады. Сыр сандықтағы сөздерді естеріне сақтайды, талдайды. Сергіту сәтін жасайды. |
ІІІ. Ой толғаныс | Оқулықтағы 4тапсырманы өз беттерінше орындатамын. | Жағдаяттық тапсырманы орындайды. |
ІY. Бекіту | Жазу дәптері мен жұмыс | Жазу дәптеріндегі берілген тапсырмаларды орындайды. |
YІ. Үйге тапсырмасы | Оқулықтағы 2- тапсырманы орындаймыз. | |
YІІ. Рефлексия | Түрлі түсті қағаздар таратып беремін. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желім қағаздарға, тақтаға іледі. |