Данная разработка предназначена для учителей казахского языка в русских классах.
Саба?ты? ма?саттары:
Білімділігі: Дыбысты? ?ндестігі, ?ндестік за?ы бойынша м?лімет беру, А?паратты? ж?йешілер, ба?дарламашылар туралы т?сінік беру.
Дамытушылы?ы: Білім алушыларды сауаттылы? пен м??ияттылы??а ?йрете отырып, с?здік ?орларын молайту, тіл байлы?тарын жетілдіру.
Т?рбиелілігі: Білім алушыларды? бойына адамгершілік ?асиеттерді дамыта отырып, жолдасты??а, жауапкершілік пен білімділікке жетелей келе, ?з Отанын с?йетін на?ыз адал маман болу?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дыбыстарды? ?ндесуі, ?ндестік за?ы. Мені? маманды?ым »
«Қаржы академиясы» АҚ колледжі
«Қазақ тілі»
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Дыбыстардың үндесуі, Үндестік заңы. Менің мамандығым»
Келісілді:
колледж әдіскері
_______ З.С. Жүнісова
Құрастырған: М.Т. Бебезова
«Тілдер пәндері» циклдік
комиссиясының отырысында
қарастырылды.
Хаттама №
«____» ___________ 2014ж
________ Б.Қ. Төлеубаева
Астана 2014
Оқытушы: Бебезова М.Т,
Пән: Қазақ тілі
Мамандық, топ: 1ИС-114 , білім алушылардың саны- 12
Тақырыбы: Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы, Менің мамандығым
Күні 17.09.14
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы бойынша мәлімет беру, Ақпараттық жүйешілер, бағдарламашылар туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Білім алушыларды сауаттылық пен мұқияттылыққа үйрете отырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Білім алушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, жолдастыққа, жауапкершілік пен білімділікке жетелей келе, өз Отанын сүйетін нағыз адал маман болуға тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, есте сақтау, ойқозғау, қызығушылығын ояту,сауаттылық тексеру, ақыл- ойын ұштастыру, ой қорыту.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Көрнекілік: Үлестірмелі қағаздар, сурет, дәріс материалдары, слайд, оқулық.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру сәті ( 3мин.)
а) Амандасу, оқушылардың қатысуын және аудиторияның дайындығын
тексеру, сабақ өткізу жоспары
ә) кезекшімен сұхбат
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( 7 мин.)
а) «Ақыл- ойын ұштастыру» (Білім алушылар дайындаған үй жұмысын тексеру )
ә) «Ой қозғау» стратегиясы. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру ( 10мин)
Қазақ тілінде қандай жалғаулар бар? (Септік, көптік, жіктік, тәуелдік)
Септік жалғау нешеге бөлінеді? (7) Қандай түрлері бар.(атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) Написать письмено ск
Қазақстан Респ-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды?
Қазақ тілі туралы не білесіз?
ҚР нешінші жылы өз тәуелсіздігін алды?
ҚР рәміздері туралы не білесіз?
Қазіргі кездегі жас маман қандай болу керек? Өз ойларын айту.
Осы біздің кең-байтақ жеріміздің тәуелсіздігін қазақ халқы, жалпы айтқанда біздің ата бабаларымыз аңсап, қол жеткізді. Осы еліміздің тәуелсіздігін өз білімімізбен, әр қашан биік көтеру - біздің міндеттерімі
Бүгін біздің сабағымыздың грамматикалық тақырыбымыз Дыбыстың үндестігі, үндестік заңы
ІІІ. Жаңа сабақ ( 15 мин.)
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді - кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын айтамыз.
Мысалы: бала-лар (бала-дар, не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес
Кейінді ықпал Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Жампейіс Жанпейіс
Тоғыспалы ықпал сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Дошшан Досжан
Жаңғожа Жаңқожа
Жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. (Білім алушыларға тақырыпты түсіндіру, оқыту, мазмұндау , жаңа сөздермен сөйлем құрастыру)
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Қай мамандық иесі болмасын, жақсы мамандар әрқашан керек. Ал, жақсы маман болу үшін оқу керек, еңбек ету керек. Қаржыгер (экономист, бухгалтер т.б.) болу үшін есеп білу керек. Оқытушы, журналист, тілші, әдебиетші, аудармашы болу үшін тілді жақсы білу қажет. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек. Ал бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.
Заман талабына сай жыл сайын мамандықтың түрлері көбеюде. Кейбір мамандықтар техниканың дамуына байланысты өзгеріске түсіп жойылып кетіп жатыр. Ауыр жұмыстарды қазір техника атқаруда, яғни адам еңбегін алмастыруда. Әр маман өз ісінің шебері болу қажет. Ол үшін көп оқу, көп еңбектену керек
4. «Сауаттылық тексеру » стратегиясы. ( 15мин.)
1 – тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Жақсы маман болу үшін не істеу керек?
2. Жақсы қаржыгер болу үшін не істей білу керек?
3. Қазір қандай мамандықтарға сұраныс көп?
4. Қазақстан бюджетіне қандай мамандар табыс әкеледі?
5. Қандай мамандықтардың түрлерін білесің?
2– тапсырма.Мәтіннен септік жалғаулары бар 6 сөзді теріп жазып, құрамына қарай талда.
3 – тапсырма. Келесі сөздерге үндестік заңына сүйене отырып, көптік жалғауларын жалғаңдар.