Сабақ тақырыбы | Ғаламтордың пайдасы мен зияны |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау. 7.4.4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. 7.Ж3. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу. |
Сабақтың мақсаты | Барлығы: мәтін бойынша оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Көбі: етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады. Кейбірі: мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін түрінде бкрілген процесті сипаттап жазады. |
Күтілетін нәтижелер | Ғаламтордың адам өміріне пайдасы мен зиянын ажыратады. |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту |
Қажетті құрал-жабдықтар | Интерактивті тақта, слайдтар, аудиотаспа, буклеттер мен альбомдар |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | «Қарама-қарсы саптар» тренингі. Оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы тұрғызып, танысу сұрақтарын қойғызады. Берілген уақыт аяқталған соң, оқытушы бір саптың оң жаққа, екінші саптың сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. Оқушылардың жұптары өзгеріп, олар тақырыптың аясында өзгелермен сұхбаттасады. |
Өткен сабақты тексеру | «Кіші шеңбер» тәсілімен үй жұмысын тексеремін. Бірнеше оқушыны іріктеп алып, белгілі уақыт ішінде кезекпен үй тапсырмасын қалай орындағанын баяндауларын сұраймын. Айтылған әрбір хабарлама талқыланады, кемшіліктерді анықтап, дұрыс жауаптар тақтаға жазылады. |
Қызығушылықты ояту | Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Биопоэма» тәсілін қолданып, әрбір оқушыға «Әлеуметтік желілер» деген тақырып бойынша А4 парағына жазылған бірнеше сауал беремін. |
Мағынаны тану | Білу. Түсіну. А) Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындату. Ә) Тыңдалым.Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау. В) Жазылым. 4-тапсырманы орындау. |
| 2.Тілдік бағдар. Көсемше мен есімше туралы мағлұмат береді. |
| 3.Талдау және қолдану. А) Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындату. |
| Ә) Айтылым.Оқулықтағы 7,10-тапсырмаларды орындатады. |
| Б) Жазылым. Оқулықтағы 8,9-тапсырмаларды орындату |
| 4. Сергіту сәті. «Ғаламтордың қойнауы» рөлдік ойынын ойнатады. Оқушылардың әрқайсысына рөлін бөліп береді. Ойын шартын, мақсатын түсіндіреді. |
| 5. Жинақтау. А) Оқулықтағы 11,12- тапсырмаларды орындатады. |
Бағалау. | Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім сабақтың соңында тақтаға «ашық журнал» формасын іледі. Оқушылар өзін бағалап болғаннан кейін қорытынды бағаны өзі қояды. |
Үйге тапсырма. | 6-тапсырманы орындау |
Ойтаразы. | Мұғалім «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазады. 15-тапсырманы орындау. |