Просмотр содержимого документа
«Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі»
Сабақтың тақырыбы: Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі
Мақсаты: Өткен материалды жалпылау, жүйелеу, ережелерді білу
а)дамыту мақсаты: оқушының ой-өрісін кеңейту, байқау қабілетін жетілдіру, ізденімпаздығын дамыту
ә)тәрбиелік мақсаты: оқушыны ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, топпен жұмыс жасауға, білімі мен жауапкершілігін күшейтуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа технология «модульдік» әдіспен өткізу
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
3. Өткен тарауды қайталап еске түсіру
4. Жаңа технология «модульдік» әдіспен сабақ өткізу
Сабақтың жүру барысы:
а) оқушылар үш топқа бөлінеді, ішінен топ жетекшісі сайланып, сабақ барысында берілген сұрақтар мен тапсырмаларға кім жауап беретіндігін айтып отырады
ә) сабақ барысында әр топ өзара жарысып, топ басшысы 5 балдық бағамен оқушылардың бағасын ұпайлап есептеп отырады және сабақ аяғында сабаққа қатысқан оқушылар алған ұпайлары бойынша бағаланады
I Сайыстың бірінші бөлімінде танымдық сұрақтарға жауап беріледі
1. Еңбекті қорғау заңдылықтарының негіздерін атаңыз?
а) еңбекті қорғау дегеніміз не?
б) техника қауіпсіздігі дегеніміз не?
2. Жауапкершілік түрлерін атаңыз
3. Жарақат алудың жіктелу түрлерін атаңыз
4. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар түрлерін жіктеп атаңыз
5. Электр қауіпсіздігі дегеніміз не?
6. Электр қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптарды атаңыз
7. Токтан сақтану шараларын атаңыз
8. Ток соққандағы алғашқы жәрдем қалай көрсетілдеді?
9. Өрттен сақтауды ұйымдастыру шаралары, ережелері және қолданылатын жабдықтарды атаңыз
II. Сұрақтардың ұпай санына қарай қиындық дәрежесі әр түрлі болады