Cабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік - өткен материалдарды тексере отырып,білім деңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету,сөздік қорын дамыту; дамытушылық – есте сақтау қабілетін,салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту,жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;
тәрбиелік – салт-дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу.
2. Сөйлемде ауыспалы өткен шақта тұрған етістік бар ма?
Мен жолдастарымнан көмегімді аяп көрген емеспін.
Ол кезде шаршауды білмейтінмін.
3.Болжалды келер шақта тұрған етістік қай сөйлемде?
Сәуле баққа кірді.
Жақсы жаныңа жолдас болар.
4.Қай сөйлемде жедел өткен шақтағы етістік бар?
Сахнада ән айттым.
Күн шайдай ашық.
5.Нақ осы шақты сөйлемді тап.
Алтынай би билеп жүр.
Жанар ән салады.
6.Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың жұрнағын қой.
Мұрат ұлттық гимназияға түсу үшін емтихан тапсыр ...
а) -ар ә) –мақ
7.Ауыспалы келер шақты етістікті тап.
Атасы алыс жолдан ертең оралады.
Әлібек күн сайын кішкентай інісін ойнатады.
8.Болымсыз етістік қай сөйлемде?
Әсел алма жеді.
Түнде тырнақ алма.
9.Қай сөйлемде сабақты етістік бар?
Теріс мінезді адам тірлікті бұзады.
Арам кісі жарымас.
10.Қай сөйлемде нақ осы шақта тұрған етістік бар?
Үйдің төңірегі қобырап жатыр
Екеуінің әңгімесі аяқталмай қалды.
IV. Гүл неге жылайды? (Мені түсін)
Суық,солу,жұлу,таптау,байқамау,талғамай бере салу,тікен қаулап өсіп кету,күн көзінен таса қалу,сусау(шөлдеу).
Осы берілген сөздерді дәлелдей отырып,мәтін құрастыру.
Мысалы: Суық (Күн суытқан кезде тоңып қараусыз,жылусыз қаламын ба деп жылайды).Байқамау (Иісі қандай,өзі қандай әдемі деп көңіл аудармай қасымнан өтіп кете ме деп жылайды).Талғамай бере салу (Әр гүлдің өз иесі,өзіне тән қасиеті болады емес пе?Қай гүлді кімге сыйлауын білмей,өз иесін таппай,гүл қадірін білмейтін біреуге беріп қоя ма деп жылайды) т.б.