1. Төменде берілген күрделі етістіктердің қандай тұлғадағы сөздерден құралып тұрғанын анықта.
Келе жатыр екен. Оқығалы келіпті. Оқып отыр. Жығылып қала жаздады. Баратын шығар. Келе алмай жүр ғой. Орналасса игі еді. Сұрағысы келіп жүрген көрінеді. Оқығым келеді. Сөйлесіп отырғандай боласың. Бөліп қарауға болмайды. Оқи алмайтын тәрізді.
2. Сөйлемдердегі күрделі етістіктердің ғана астын сыз, сұрағын қой. Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктердің әр жерде қандай мағынада қолднылып тұрғанын түсіндір (бірінде негізгі, бірінде көмекші етістік мағынасында).
Асқар оқып отыр. Сен мына жерге отыр. Ол ағасымен көрмені аралап жүр. Сен менімен жүр. Жаңбыр жауып тұр. Таудың басында қарақшы тұр. Әмина үйінде жатыр. Пойыз баяулап келе жатыр.
3. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жаз да, оған жалғанған қосымшаларды ажырат, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұғанынан анықта.
Жақсы өмір сүру үшін жақсы еңбек ету керек. Жақсы еңбек ету үшін жақсы білім керек, бақытты өмір жасау үшін барлығын білу керек. Білу үшін оқу керек. Оқу жабдығы - кітап, білім сандығы -кітап. "Оқу- білім азығы, білім - ырыс қазығы", деп халық бекер айтпаған-ды. Осы білімнің сарқылмас терең көзі - кітап…
Кітап - сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Кітап - жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға адал мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап - сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші (Ө.Тұрманжанов).
3. Абайдың " Ғылым таппай мақтанба" деген өлеңінің 2 шумағынан етістіктерді теріп жаз, төмендегі үлгі бойынша талда. Бір тұлғадағы етістіктердің біреуін ғана ал.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Етістік
Негізгі
Туынды
Негізгі түбір
Салт не сабақты
Болымды не болымсыз
Көсемше
Есімше
Тұйық етістік
Дара не күрделі
Негізгі етістік
Көмекші етістік
Етіс
Үлгі:Түс-педі
түс
Салт
Болым-сыз
-
-
-
дара
Нег.
-
-
ІІІ деңгей
Етістік түрлерін қолдана отырып, "Жолда" деген тақырыпта адамның қимыл-қозғалысына шағын суреттеме жаз.
В. Дәкен қария шаршап- шалдығу дегенді білмейді екен.
С. Малды бақсаң қой бақ, шай кетпейді шарадан.
Д. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтада салып тұрма.
Е. Ол кино көрді.
2. Туынды етістікті тап
А. Сұра
В. Бөл
С. Жырла
Д. Айт
Е. Кел
3.Ырықсыз етісті тап:
А. Айтқыз
В. Жуынды
С. Орылды
Д. Жіберді
Е. Айттырды
3. Өткен шақ есімшенің жұрнағын тап:
А. -ын, -ін,-н
В. -ған, -ген,-қан,-кен
С. -ғалы,-гелі,-қалы,-келі
Д. -са,- се
Е. - а,- е,-й
4. Етістіктің қайсысы сабақты етістік жасайды?
А. Қай
Б. Жар
С. Демал
Д. Отыр
Е. Шарша
6. Болымсыз етістіктерді көрсет.
А. Ешкім әлдене
В. Оқыма, ішпе
С. Жетінші, үш
Д. Оқыған, келген
Е. Сегіз, төртке
Тақырыбы: Етістіктен деңгейлік бақылау жұмысы
І деңгей
1.Салт, сабақты етістіктерді тіркескен сөздерімен топ-топқа бөліп жаз.
Жәнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп әкетті.(І.Е). Қыз қайтадан кітабына үңілді.(М.М). Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді. Диқаншы жерін мақтайды, балықшы көлін мақтайды (мақал). Ақлима жалғыз ала сиырды ақтардың олжалап кеткенін жасырып қалды. (Р.С). Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар (мақал). Бекет басын көтеріп алды.
Салт етістіктер: ________________________________________________
Жас кезімде сезімтал, түсінгіш, жақсы деген жігіттерім мен қыздарым қазір мүлде өзгерді (Д.И).
Бауыржанның аузынан шыққан Блоха деген фамилия менің көз алдыма бір картинаны елестетті. Автор сол арқылы адамдардың Отан сүйген сезімін, жанқиярлық ерлігін суреттейді. (Т.А). Іле-шала ат тұяғы үй іргесін дүрсілдетіп өтті. Түс кезінде үй алдында аттар пысқырып, қоңырау сылдырлады. (Ә.Н). Үзекең жарғақ тонына жабысқан шөп-шаламды қағып, тазаланып жатыр.
Негізгі етістік
Туынды түбірлі етістік
Есімдерден
Еліктеуден
3. Берілген сөздерден түрлі формаларды пайдаланып, етіс түрлерін жасап көр. Барлығынан да жасала бере ме?
Жу, тазала, сана, қолда.
Өздік етіс
Өзгелік етіс
Ырықсыз етіс
Ортақ етіс
4. Есімше формаларының шақтық мағыналарын анықта.
Аспанды ызғырық суық сұр бұлт қаптаған. (Б.М). Қасымның ырысы болған "Қос шалқардың" қойнау-қуысын қалдырмастан араладық. (Ғ.Мұст). Болыс ағаш тұрғанда, етек-жеңін кең ұстайтын. (Ә. Нұрп). Мүмкін, Асқар Итбайдың үйінде болар. (С. М). Іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы? (Абай).
5.Бұйрық райлы етістікті тауып, қалай жасалғанын айт.
Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын. Назыкеш әжем: "Бәрі де біздің үйге келіп түссін", - деді. (Ғ. Мүс). Жапырақ-жүрек, жас қайың, Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң, мен қайың бола бастайын. Келісесің бе, жас қайың? (М. Мақ). Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. (Ы.А). "Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме" дегенді білетінмін. (Ғ.Мүс).
Мәтінде жазушы қай кезді суреттеп отыр? Сен қыс мезгілінің көрінісін суреттеп әңгіме құрастыр.
Күн шайдай ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай және арагідік қалың қайың, қарағаймен жарыса шыққан теректер де көрінеді.
…Қызыл ала, жасыл түрлі далалар, көкорайлар солып, бурыл тартқан. Көк жасыл ормандардың жапырақтары сарғылт тартқан, селдірей де бастаған …