Сынып | 3 «Ж» | 1- Сабақ |
Сабақтың тақырыбы | Қандай өсімдік түрлері болады? |
Сабақтың мақсаты | Тіршілік ету жағдайларына бейімделе алатын өсімдіктер жайлы оқушылардың түсінігін тереңдету. |
Күтілетін нәтиже | Өсімдіктердің тіршілік ету ортасы; Өсімдіктерді қорғаудағы адамның әрекет; Өсімдіктердің тіршілігін туралы мағлұматтар алады; Табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін түсінеді; Өсімдіктерді түріне қарап ажырататын болады; Өсімдіктердің қоршаған ортадағы түрлі жағдайларға бейімделу қабілеті туралы оқып біледі; |
Түрі | Жаңа , аралас сабақ |
Әдісі | Топтық , жұптық , жеке жұмыстар |
Дерек көздері: | 3- сыныптың дүниетану оқулығы. Үлестерме материалдар, Интернет материалдары. Бейнебаян. Бастауыш сыныпта оқыту журналы – қыркүйек – қазан айы, 45 минут интернет порталы. Энциклопедия |
Жаттығулар немесе тапсырмалар: | 1. «Психологиялық дайындық»Тренинг «Табиғат құбылыстары»/Массаж/ 2. Үй жұмысы/интернет желісінен ақпарат жинау/кластер –қорғау/ 3 .Миға шабуыл Бейнебаян «Өсімдіктер әлемі» 4. ДЖИКСО әдісі/мәтінмен жұмыс/ 5. Сергіту кезеңі/Көңілді күн/ 6. Пікірталас-дебат/ жоғары дәрежелі сыни тұрғыдан ойлану сұрақтары/ |
Сабақ барысы: |
| Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс - әрекеті |
Психологиялық дайындық: | Тренинг: -Жаңбыр жауады -Жел соғады -Бұршақ жауады - Борандатады | Қимылдармен көрсетеді |
Ұйымдастыру кезеңі - 5минут | /Өсімдіктер түрлері. Суретті құрастыру арқылы топқа бөлу./ | Суреттерді таңдау.Ағаш,бұта,шөп,зерттеуші |
Үй тапсырмасы / 10 мин./ | Мәтін бойынша сұрақтар қойылады | Әр топ сұрақтар дайындап келеді |
Әңгіме – сұхбат | 1-топ «Ағаштар» 2 топ «Бұталар» 3-топ «Шөптер» 4-топ «Зерттеушілер» | Оқушылар тапсырманы айтады, тақта алдына шығып көрсетеді. /топтастыру әдісі-қорғайды/ |
Үй тапсырмасын қорытындылау | Электронды оқулықты ашады. | Тестік жұмысты ашып орындайды |
Қызығушылықты ояту. | Бейнебаян «Өсімдіктер әлемі» | Кейбір аңдар күндіз ұйықтап,түнде қорек іздейді |
«Миға шабуыл» /5 мин./ | 1. «Өсімдіктер бірдей жағдайға бейімделіп өсе ала ма?» | Суда тіршілік еттетін өсімдіктер де бейімделген |
Мағынаны тану. «Ойлан - жұптас - талқыла» | Оқулықпен жұмыс: Мәтін 4-топқа бөлініп беріледі | – Әр топ мәтінді өз ішінде оқу, талдау ,қорғау . |
Мұғалім-оқушы «Диалог»әдісі. /5 мин./ | 1-топ: Өсімдіктердің өсіп өнуіне не қажет? 2-топ: Төмендегі өсімдіктер қайда өседі? 3-топ: Адамдардың өсімдіктерге қандай әсерлері бар деп ойлайсың? 4-топ: Бұл өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? | Әр топ өз атауына байланысты өз ойларын ортаға салып, пікірталас туғызады. |
Сергіту сәті. | Музыка қосылады. «Көңілді күн» | Музыкаға сәйкес іс қимылдар жасайды. |
Дәптермен жұмыс | -Мәтіннен өсімдік атауларын теріп жазыңдар | Дәптерге жазады |
Қорытынды. | «Венн диаграммасы» арқылы сабақты қорыту. 1-топ: Ылғалсүйгіш -көлеңкеге төзімді 2-топ:Суыққа төзімді – жарықсүйгіш 3-топ:Құрғақшылыққа төзімді –жылусүйгіш 4-топ: Жалпы айырмашылықтары-ұқсастығы | Топбасшылар қорғайды |
Рефлексия. | 1-Маған бүгін сәтті күн болды....... 2-Мені таң қалдырды.......... 3-Маған ұнады.............. 4-Мен өзім үшін мақтана аламын,өйткені...... | Парақшаларға жазып оқып жапсырады |
Үй тапсырмасы | /Күреңот,сүттіген,күнбағыс, сұлы/ өсімдіктері туралы мағлұмат жинап келу | Интернет желісінен мәлімет жинау |
Бағалау /3 мин./ | Бағалау парақшасы Топбасшылар бағалайды |
Сынып | 3 «Ж» | 2- сабақ |
Сабақтың тақырыбы | Қандай өсімдік түрлері болады? |
Сабақтың мақсаты | Байқампаздық , әуестік ,дағдыларын дамыту.Салыстыру және қорытындылау біліктілігін арттыру. |
Күтілетін нәтиже | Олардың адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы; Өсімдіктерді қорғаудағы адамның әрекеті; Қызыл кітапқа енген өсімдіктердіқорғау жолдарын меңгеруі қажет Өсімдіктердің бейімделетіндігін дәлелдейді Табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін түсінеді; |
Түрі | Жаңа сабақ,аралас сабақ |
Әдісі | Топтық,жұптық,жеке |
Дерек көздері: | 3- сыныптың дүниетану оқулығы. Үлестерме материалдар, Интернет материалдары. Бейнебаян. Бастауыш сыныпта оқыту журналы – қыркүйек – қазан айы, 45 минут интернет порталы. Энциклопедия |
Жаттығулар немесе тапсырмалар: | 1. «Психологиялық дайындық»Тренинг «Табиғат құбылыстары»/Массаж/ 2. Үй жұмысы/интернет желісінен ақпарат жинау/кластер –қорғау/ 3 .Топтық зерттеушілік-әңгіме /Интернет желісінен жинаған мәліметтер/ 4. Сигналдық карточкалар /Сұрақтар-жауап/ Иә –жоқ 5. Сәйкестендіру әдісі /Мақалдар/ 6. Сергіту кезеңі/Көңілді күн/ 7. Пікірталас-дебат/ жоғары дәрежелі сыни тұрғыдан ойлану сұрақтары/ 8. Сахналау «Өсімдіктер айтысы » 9.Эссе « Өсімдік адам өміріндегі маңызы » 10.Сыни сұрақ «-Қызыл кітап қайдан пайда болды? » 11.Сұхбат « Ыстық сұрақ |
Сабақ барысы: |
| Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс - әрекеті |
Психологиялық айындық: | Тренинг «Табиғат құбылыстары» | Қимылмен жұптасып көрсетеді |
Үй тапсырмас / 10 мин./ Топтық әңгіме | Интернет желісі бойынша өсімдіктер түрлері туралы мәліметтерін баяндату. /Күреңот,сүттіген,күнбағыс, сұлы/ | Әр топ өз дайындағандарын айтып береді |
Топқа бөлу Ережені еске түсіру | 1-топ «Жылу» 2 топ «Жарық» 3-топ «Ауа» 4-топ «Су » | Суреттерді таңдау арқылы бөлінеді Топбасшылары сайланады,бағалау парақшалары беріледі, |
Үй тапсырмасын қорытындылау «Сигналды карточка» | Итербелсенді тақтада: 1. Ылғалсүйгіш өсімдіктер , ол суда өседі. /Жоқ/ 2. Құғақшылыққа төзімді өсімдіктер ыстық жерлерде өседі. /Иә/ 3. Күнбағыс көлеңкеге төзімді өсімдік //Жоқ 4.Сүттіген ылғалды өзінің жуан тамырына жинайды /Жоқ/ 5.Орман мен тоғайда көлеңкеге төзімді өсімдіктер. /Иә/ 6. Бидай менсұлы аязға төзімді. /Иә/ | Қызыл-жасыл карточкалармен жауап береді. |
Қызығушылық ты ояту. «Сәйкестендіру» әдісі | Интербелсенді тақтада: Мақал-мәтелдермен жұмыс Бір ағаш кессең –қырық ағаш отырғыз Гүлге қарасаң, олсенің жүрегіңді жылытады Орманның жанында өмір сүрсең, аштықтан өлмейсің Жерді кім аялайды-жер одан байлығын аямайды Жерді тойдырсаң , ол сені тойдырады | Тақтада сәйкестендіріп көрсетеді |
«Миға шабуыл» /5 мин./ | -Сонымен айтыңдаршы, барлық өсімдіктер бір ортада өмір сүре ала ма? | Әр топ өз ойларын айтады |
Сергіту сәті. | Музыка қосылады. «Көңілді күн » | Қимылдар жасайды |
Мағынаны тану. «Ойлан - жұптас - талқыла» | 1-топ: Сахналау «Өсімдіктер айтысы » 2-топ: Эссе « Өсімдік адам өміріндегі маңызы » 3-топ: Сыни сұрақ «Қызыл кітап қайдан пайда болды?» 4-топ: Сұхбат « Ыстық сұрақ » | Топпен ойланады, тал - қылайды, қорғайды |
Қорытынды. | «Бір сөйлем» ойыны Бүгінгі сабақтан не түсінгенін бір сөйлеммен жеткізу | Топбасшылар қорғайды |
Рефлексия. | 1-Бәрінен де қызық болғаны....... 2-Мені таң қалдырды.......... 3-Тағы не білгің келеді?.............. 4-Менің сұрағым бар?...... | Парақшаларға жазып оқып жапсырады |
Үй тапсырмасы | Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы мағлұмат жинап келу | |
Бағалау /3 мин./ | Бағалау парақшасы |