Саба?ты? та?ырыбы: Т?рлаулы м?шелер
Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а т?рлаулы м?шелер туралы топтастырыл?ан ??ым ?алыптастыру?а м?мкіндік ту?ызу; о?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс жасау ар?ылы теориялы? ойлауын, с?йлеу тілін дамыту; ?йымшылды??а, досты??а, адамгершілікке т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?. Саба?ты? ?діс-т?сілдері : к?рнекілік, с?ра?-жауап, талдау, жина?тау. Саба?ты? к?рнекіліктері : тірек сызбалар.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі. Та?ырыбы: «Т?рлаулы м?шелер».»
Шакенова Медина Еренгаиповна бастауыш сынып мұғалімі.
Өскемен қаласы әкімдігінің «№26 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі. Тақырыбы: «Тұрлаулы мүшелер».
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері : көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері : тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 58-жаттығу сөйлемдерді топтастыру.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі : Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
Сөйлемде кездесетін қандай мүшелерді білесіңдер? Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
Тірек сызбамен жұмыс.
Ү . Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу Вв
60-жаттығу берілген екі сөйлемді салыстыру.Ұқсастық пен айырмашылығын Негеш пен Білгішбектің диалогі арқылы табу, талдау.
61-жаттығуда берілген сөйлемдерді оқу, бастауыш пен баяндауышты табу, оларға сұрақтар қою.
62-жаттығу.Мәтінде кездесетін тыныс белгілермен толықтыру. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.
63-жаттығудағы мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жаттау, көшіру, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.
64-жаттығудағы сөйлемдерді мағынасына қарай ретімен айту, кездесетін тұрлаулы мүшелерді табу.
ҮІ. Бекіту: Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жазу.
1. Оқушылар ... . 2. .... жазылды. 3. Қыс ... . 4. Есеп ...
Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды.
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 65-жаттығу 91- бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау