Просмотр содержимого документа
«Қарауылдық қызметтің атқаратың міндеттері. Сақшының міндеттері.»
АӘД 10 –сыпып
Сабақтын тақырыбы: Қарауылдық қызметтің атқаратың міндеттері. Сақшының міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға сақшының посты қабылдау және тапсыру кезіндегі төтенше жағдай - өрт шыққанда алғашқы іс - әрекетті жаттығу, үйрету;
Практикалық машықтану дағдыларын жетілдіре отырып, оқушылардың жауапкершілік сезімін дамыту;
Оқушыны мықты тәртіп пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, өзін және өзгелерді қорғай білуге, туған елдің сақшысы болуға, отансүйгіштік, патриоттық тәрбиеге баулу.
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Орны: АӘД кабинеті..
Уақыты: 45 – минут.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру сәт.
Взвод командирі сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, тугендеу, сырт көріністі тексеру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын және жоспарын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру.
- Бөлімше командирі шабуылға берілген ұрыс бұйрығында нені көрсетеді?
Бөлімше жүріп келе жатып, қарсыласқа қалай шабуылдауды қандай ретпен жүргізеді?
Бөлімше қорғаныс терендігіндегі қарсыласты шабуыл кезінде қалай жояды?
Бөлімше қарсы шабуылдағы және шегінудегі қарсыласты қалай жояды?
ІІІ. Жана сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау:
Сақшы – қол сұғылмайтын адам болып табылады.
Сақшыларды ауыстыру негізінде әрбір екі сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағатта жүргізіледі. Ол тек ауа райына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ауаның температурасы минус 20 градус, одан төмен жел соғып тұрған, қатты аяз болмаған кезде сыртқы псстыларда сондай – ақ пеш жағылмайтын үй – жайлардағы ішкі постылардың сақшылары бір сағаттан кейін ауыстралады. Ауаның температурасы плюс 30 градустан және одан да жоғары болған кезде сақшылар бір сағаттан кейін ауыстрылады. Қарауыл үй – жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір отыз минут сайын ауысып отырылады. Ауысым сақшыға 10 – 15 адымға жақын келгенде қарауылдың жұмысқа таратушысы: «Ауысым - тоқта» - деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайына бақылау жасауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағысарбаз Ахметов, пост маңайына бақылау жаса».
Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «Белдікке » күйінде ұстайды, сақшы жаңа қарауыл жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: «Қатардағы жауынгер Бекжанов, постқа қарай адымда» дегенде, саптық тұрысты қабылдап, оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады.
Бұрынғы және жаңа қарауылдардың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында бір – екі қадам ара қашықтықта бір – біріне қарап тұрады.
V.Қорытынды.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, сабақты қорытамын. Сабақта тапсырманы дұрыс орындаған, білімділігін көрсеткен оқушыларға
«өте жақсы» деген баға, содан соң қосымша сұрақтар қою арқылы тиісті бағаларын қоямын.