САБАҚ: қазақ тілі Тақырыбы: Жұмыс әлемі | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабдуахитова Н.С. |
СЫНЫП: 10 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жұзеге асатын оқу мақстаттары | Бейнетаспадағы сюжет бойынша шағын түрде мазмұндай біледі, қандай мамандықтардың сұраныста екенін талқылай отырып, тақырып мазмұнында күрделі сұрақтар құрастыра біледі |
Сабақ мақсаттары | Барлық ақушылар орындай алады: Жұмыс түрлерін ажырата алады, тақырып мазмұны аясындағы сұрақтарға жауап бере алады. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып мазмұнын түсінеді, жұмыс әрекеттерін бағалай алады. |
Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша күрделі сұрақтар құрастыра алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады Іс-әрекетті бағалай алады, ауызша сұрақ қоя біледі, жаңа сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдана алады. |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Кәсіби маман, заманауи мамангдықтар, сұраныстағы кәсіп иегерлері, жалақы, тәжірибелі, сұраныс, айлық төлемақы, мемлекеттік жоғары оқу орындары. |
Алдыңғы оқу: | Мамандықтар түрлерін біледі, сипаттай алады, нарықтағы сұраныстағы мамандықтар туралы ақпарат көздерін таба алады. |
Қосымша ақпарат Ғаламтор ресурстары, үлестірмелі материалдар. |
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға жоспарды қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай бағалайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементіне қауіпсіздік) |
1. Қолпаштау, мадақ сөздер, шапалақ. 2. «Миға шабуыл», «Жоспар құру», «Ыстық орындық», «Венн диаграммасы» арқылы | 1. «Екі жұлдыз, бір тілек» 2. Стикер жабыстыру (Бірін-бірі бағалау) 3. Өзін-өзі бағалау. (Мақсатқа жетуі) | Информатика, экономика |
Жоспар |
Басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.1. Жағымды психологиялық жағдай тудыру. 1.2. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша алдыңғы оқыған материалды қайталау. (Шапалақ арқылы мадақтау) 1.3. Суреттегі мамандықтар бойынша топқа бөлу. 1.4. Әр топ өз мамандықтарының атауын жасырады (тек сипаттамасын ғана айтады, әр топтағы мамандық түрлері анықталған соң, мұғалімнің жетекшілігімен сабақтың тақырыбын анықтайды) 1.5. Мақсат құрайды. |
Ортасы | ІІ.Негізгі бөлім. 2.1. «Мамандықтар еліне саяхат» бейнетаспасы ұсынылады. 2.2. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы бейнесюжет бойынша сұрақ құрастыру. (Әр топ өз мамандықтары жайында көрген бөлім бойынша жұмыс жасайды) 2.3. Әр топ жұптары, бір-топтан келесі топқа ауысып, сұрақтарына жауап алады. Жауаптарын жазып алады. 2.4. Орындарына оралған жұптар алған жауаптарын ортаға салып талқылайды. Мәтін құрайды. Өз мамандықтарына жарнама ойластырып, қорғайды. («Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау) |
Соңы | ІІІ . Кері байланыс 3.1.«Венн диаграммасы» арқылы үш топ мамандықтарды салыстырады. Қай мамандық қазіргі уақытта сұраныста екенін анықтайды. Қорғайды. Стикер жабыстыру арықылы топ жұмыстарын бағалайды. «Қызыл» - өте жақсы «Жасыл» - ұнады «Сары» - әлі де ойлансақ... 3.2. Мақсатқа орылу. Құрастырған мақсаттын қайсысына жеттің? ( Стикерлеріне өз пікір- тілектерін жазып, жеткен мақсаттарының үстіне жабыстырады) 3.3. Үй тапсырмасын беру. |