№ _____ сабақ
Сыныбы: _______ Күні:_____ Мұғалімі: ________________ Тексерген ________________
Сабақтың тақырыбы: ________________________________________________________
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға туралы түсіндіру таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: тақта, бор,кітап,буклет
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
ІІ. Жаңа сабақ Кәсіби консультация
Сендердің әрқайсыларың кәсіптік жоспар жасап, оны жүзеге асырған кезде мамандық таңдау формуласынан тікелей мамандыққа қалай көшу керек, оған өзіңнің жарамдылығыңды анықтау, өзіңді-өзің тәрбиелеу жоспарын белгілеу т. с. с. бірқатар мәселелерге кездестіңдер. Кәсіби консултация осындай проблемалардың көпшілігін шешуге комектесуге арналған.
Кәсіби консультация- бұл жастапрға мамандық таңдауда көмектесу мақсатындағы мамандардың(психологтар, дәрігерлер,педагогтар т.б.) ақыл-кеңестері мен ұсыныстары. Біздің елімізде қалалар мен селолық аудандарда кәсіби бағдар беретін орталықтар ұйымдастырылған, ал кәсіпорындарда, оқу орындарында, оқу- өндіріс комбинаттарында, мектептерде кәсіби консультатициялық кабинеттер, пунктер,кабинеттер, жұмыс істейді. Кәсіби консультациялардың бірнеше типтері болады (6-сурет).
Анықтама-информациялық кәсіби консультация адам таңдаған мамандықтың мән-жайын тереңірек таныстыруға бағытталған. Ол сендерді мамандықтың
Анықтамалық- информациялық
Диагностикалық
Кәсіби консультация түрлері
Медициналық
Түзетуші
6- сурет. Кәсіби консультация типтері
жеке адамға қоятын талаптарымен таныстырады, сондай-ақ мандық алу, жұмысқа орналасу жолдарын көрсетеді: бұл жерде сендердің кәсіби шеберлікті арттырудың жолдарын да білулеріңе болады.
Әдетте мұндай консультацияны осы сендер таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар жүргізеді.
Диагностикалық кәсіби консультация жеке адамды жан-жақты зерттеудің нәтижесінде оның ықыласын, бейімділігін, қабілетін, басқа да кәсіби қажетті қасиеттерін анықтауға бағытталған. Мұндай консультацияның мақсаты- қызметтің қай саласында сен неғұрлым табысты еңбек ете аласың, яғни қалайша қоғамға неғұрлым көбірек пайда келтіріп, еңбегіңнен мол қанағат аласың деген топшылау (7-сурет)
Адамның Адамның мүмкіндіктерінің Мамандықты үйлесімді
ықыласының қоғам қажеттеріне сәйкес таңдау аймағы
қоғам қажеттеріне келу аймағы
келу аймағы
7-сурет. Жөндеп мамандық таңдаудың шарттары
Медициналық кәсіби консультация. Адамның қалап алған мамандығына денсаулығына сай келетін, келмейтіні анықталады. Егер таңдаған мамандық кейбір себептермен сізге қолайсыз болып шықса, онда дәрігер сенің ықыласың мен бейімділігне сәйкес, сондай –ақ денсаулығына зиянсыз басқа бір мамандықты таңдауды ұсынады.
Түзету кәсіби консультация адамның кәсіби ой-ниеті оның нақты мүмкүндігі мен қабілетіне сай келмеген жағдайда қажет болады.
Жоғарыда айтылған консультациялар бір-бірімен тығыз байланысты.
ІІІ. Сабақты бекіту: 1. Кәсіби консультация дегеніміз не?
2. Кәсіби консультациялардың типтері қандай?
IV. Үйге тапсырма: Конспект оқу. Реферат жасау