Тақырыбы: Мақсаты: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету. Музыкалық репертуар: В. Тюльканов — «Марш»
«Сәлемдесу жаттығуы” Г. Абдарахманова, Н. Шахина. "Қандай ырғақ"
Мотивациялық - қозғаушылық
Педагогтың іс - әрекеті
Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді.
Амандасу.
Шеңберде марш екпінмен қимылды қозғалыс жасату.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Балалар, біздер музыкалық оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын музыканы тыңдау үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
Мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз.
Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз.
Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля
Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля
Ми МИ ми ми ми ми ми
Ми МИ ми ми ми ми ми
Жарасып тұр сәніміз,
Ән шырқайық бәріміз.
Естіген жұрт таң қалсын,
Әдемі ән шырқалсын.