Это урок предназначен для проведения урока казахского языка в четвертых классах! Урок нацелен на развитие критического мышления, чтобы дети умели излагать свои мысли, анализировать тексты! Умение работать с текстом, выделять главное, составлять вопросы. Работа с одаренными детьми.На уроке прослеживается все этапы внедрения семи модулей. Задание выбрано в соответствии с возрастными особеностями детей, по программе. Эту разработку можно использовать в внеклассной работе, так как содержится игровые и ролевые моменты. Выразительное чтение стихов и музыка казахских композиторов.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 1. Келісім, жарастық туралы түсінік беру; 2. Достыққа бейімділік сапаларын дамыту; 3. Өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,плакаттар,
Сабақ жоспары:
1.Шаттық шеңбері
2.Топпен жұмыс
3.Мәтінмен жұмыс
4.Дәптермен жұмыс Сабақ барысы: І. Шаттық шеңбері Оқушылар шеңберге тұрып, «Достық» әнін шырқайды.
Достық деген қасиетті талғам бар, «Достықты да бғгалаған пайғамбар» Бул сезімге сыртын берген жандар бар, Тағыда бір мәңгі құшақ жайғандар.
II.Мұғалімнің сөзі
Қазір біз балалар геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлінеміз де, мен әр топқа конверт таратамын.Әр конверттің ішінде өмірде кездесетін жағдаяттар бар.Топ ішінде талқылап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
Топпен жұмыс
1 – топ. Тілек Бекарысты байқамай қағып кетті.... 2-топ. Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды... 3-топ Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп қалды...
Балалар осы жағдаяттар бойынша сабағымыздың тақырыбы қандай? Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
Берілген мәтіндер үн таспада тыңдатылады «Піл мен Маймыл» ертегісін тыңдату. • Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді? • Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді? • Қандай көңіл күйде боласыңдар?
IV. Жаттығу «Достық нұры» - Балалар арасында ренжіскен сәттеріңде бір - біріңді түсінбей қалып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындар болады. Ал біз сондай көңілсіз сәттерді болдырмау үшін бір - бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым - қатынаста болу керектігін білеміз. Қазір мен тақтаға достықтың қалпағын ілемін. Бұл қалпақтан жан - жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып,»нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық, жарастық, достық деп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады. - Мінеки, балалар, осы қасиеттер бойымызда болса, аталған әрекеттерді жасай алсақ, бір - бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.
V. Дәптермен жұмыс. - Балалар, дәптерімізге өзіміздің достарымызға арнап «Достық хатымызды» жазайық. Оқушылар жазған хаттарын оқыды.
VІ. Қорытынды - Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер? • Сыныпта тату болу. • Сабақты жақсы оқу. • Бір - бірін тыңдамау. • Мұғалімді сыйлау. • Сыныптағы заттарды күту. • Келіскен уақыттан кешігу.
Назар аударайық Келісім: • Басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға көмектеседі; • Адамдарды бір - бірін жете тани білуге үйретеді; • Басқалардың көңіл - күйін сезіне білуге үйретеді; VІІ. Жүректен жүрекке Шеңберге тұрып, оқушылар «Ізгі тілек» өлеңін айтады.
VII.Үйге тапсырма: Достық, бірлік туралы мақал-мәтелдер.