Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) (Қазақстан Республикасының Рәміздері)
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
-Карта.
-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын бағалап отырады.
Саяхат картасы
3.Пирамида
2. Бәйтерек 4.Ақ Орда
1. Вокзал 5. «Думан»
6. «Хан шатыры»
1-аялдама. Сөздік алқабы.
ғимарат- здание
аялдама-остановка
көрікті-красивий
жаға-берег
орталық-центр
ойын-сауық орталығы-развлекательный центр
Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі Сөйлем тізбегі
2-аялдама. «Бәйтерек»
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
*Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, сандықшаға салады.
*Кезекпен сандықшадағы сұраққа жауап береді.
Сергіту сәті
4-аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
Ғимарат, өзен сөздерін септе.
5- аялдама «Думан»
«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
«Мені түсін» . Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады.К ейін мәтінмен салыстырып,тексереді.
6-аялдама «Хан шатыры»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
Тапсырма
Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
Сарайының,уақыттары,өздерінің, тұрғындарды.
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беру.