Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казахского»
Сабақтың тақырыбы: «Елордасы-Астана».
Сынып 6«Б»
Сабақтыңмақсаты:
білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс істей отыра,оқушылардың сөйлеу дағдысын арттырып,әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы білімдерін тереңдету.
дамытушылық: қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту, сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуді үйрету;
Күтілетін нәтиже:оқушылардың Астана туралы білімдері кеңейді.Сауатты жазуды үйренді.
2. Үйтапсырмасынтексеру. Туған күн
Тақырып бойынша Нұрсұлтанға открытка істеп,тілектер,құттықтау сөздер дайындап келу..
Сенің туған күнің қашан Тамара?
Сенің туған күнің қай айда Ярослав?
Балалар кеше біздің сыныпта кімнің туған күні болды?
(Балалар өз открыткаларын ұсынып,тілектерін айтады)
Мұғалім -Нұрсұлтан мен де сені туған күніңмен құттықтаймын! Әрқашанда ақжарқын бала боп жүре бер. Ата-анаң саған не сыйлады?.Ал,балалар Нұрсұлтанның есімі қандай ұлы тұлғаның есімімен сәйкес? Ия, балалаар біздің Нұрсұлтанның есімі елбасымыз,халқымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен сәйкес екен.
Евгния: Нұрсұлтан сен де біздің атамыздай ақылды бол!
Ал,балалар біздің елбасымыз мемлекетіміздің қай қаласында отыр?
Дұрыс. Астана қандай қала? Ендеше сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Дәптерлеріңді ашып,жазып қойыңдар.
3.Жаңа тақырып.Саяхат сабағы «Елордасы-Астана».
Мақсатымыз: Астана туралы білімімізді кеңейте отыра,қаламыздың тамаша жерлеріне саяхат жасау.
Әр мемлекеттің өз астанасы болады. Әр астананың өз туған күні болады біздің астанамыздың туған күні 6-шілде. Бұл күн біздің елбасымыздың туған күнімен сәйкес келеді. Ал енді Ли Алинаға Астана туралы қызықты деректер жинап келу тапсырылған болатын кәне тыңдайық . Астана туралы кім өлең біледі? Ал,балалар бүгінгі сабағымыз ерекше ол-саяхат сабағы.
Бүгін елордаға саяхатқа шығамыз.Блімдеріңнің арқасында коптеген тамаша жерлерді аралаймыз.
Поездға мінеміз.Балалар жолда мен сендерге еліміздің астаналары туралы айтайын.(Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана)
Міне сөздік алқабына келдік. Қане Астана жайында сөздерді қайталап жіберейік
Ұлы тұлға- Ойын-сауық орталағы- елорда-
Көшбасшы- сол жағалау- жағажай-
Ғимарат- тарихи-
1.Аялдама «Ақорда»
Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талда.
Жерінің, ғимараттарға.
2. Аялдама «Пирамида»
Математикалық талдау
Отан,Есіл
3.Аялдама «Думан»
Септеу
Думан,сыйлық
Сергіту сәті
4.Аялдама «Бәйтерек»
Астана – жекеше,көпше түрде тәуелдеу
5.Аялдама «Ханшатыр»
Сын есім шырайларын түрлендір.
(Салыстырмалы,күшейтпелі шырай)
6.Бірінші президенттің саябағы
«Галереяны шарлау» ойыны,мәтін құру.
7.Венн диаграммасын толтыру.
Астана Алиаты
Қорытынды: Ал балалар енді Астананы аралап болсақ, Көкше жеріне кейін қайтайық. «Астана» тақырыбы бойынша балалар бір-біріне сұрақтар қойып,пікір алмасады.
Бекіту: Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Рефлексия
Үй жүмысы: «Астана-біздің мақтанышымыз» шағын эссе жазып келу.