Конспект урока по казахскому языку на тему: «?аза?ты? ?лтты? ойындары »
Конспект урока по казахскому языку на тему: «?аза?ты? ?лтты? ойындары »
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: О?ушылар?а ?аза?ты? ?лтты? ойындары ар?ылы т?сінік бере отырып онда кездесетін ?аза? тіліне т?н дыбыстарын айтылу мен жазылуына к??іл аударту, етістікті? ша?тарын, жіктелуін, т?уелденуін ж?не жал?ауларын ажырата білуге да?дыландыру. Сауатты жаза білуге ?йрету
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку на тему: «?аза?ты? ?лтты? ойындары »»
Cабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары арқылы түсінік бере отырып онда кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарын айтылу мен жазылуына көңіл аударту, етістіктің шақтарын, жіктелуін, тәуелденуін және жалғауларын ажырата білуге дағдыландыру. Сауатты жаза білуге үйрету
Дамытушылық: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалардың көмегімен тақырып мазмұнын меңгеру
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды ұлттың салт дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Жарыс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, талдау, ойын элементтері, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, кәртішкелер, «Шашу» кәмпиті, конкурс тапсырмалары, асықтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу:
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
б) Сабақтың тақырыбен, мақсатымен таныстыру:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ұлттық ойындары ». (слайд №1)
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық ойындар туралы өз ой-өрістерімізді кеңейтеміз, тағаммен байланысты салт-дәстүрлер, ырымдар, мақал-мәтелдерді білеміз, әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталаймыз. Қазақтың ұлттық ойыны «Ат бәйгесін» өткіземіз. Қай топ жылдам және дұрыс жауап берсе, сол бірінші болып шауып жетеді.
-Біздің әр өткен сабағымыз- қуаныш. Біздің әжелеріміз той бастаралдына
не істейді? Не шашады?
-Шашу шашқан. (слайд №2)
-Шашу дегеніміз не?
-Ол тілек, береке
Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (шашу шашылады)
Шашуды алып қарасаңдар, кәмпиттің ішінде сұрақтар бар, оқып сол сұрақтарға жауап беріңдер.(Тілдік жаттығу)
-Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын ата?
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
-Қандай ұлттық ойындарды білесің?
-Спортпен айналасқан адамның денсаулығы қандай болады?
-Сенің айналасатын әуес ісің қандай?
-Сен спортпен айналасасың ба?
-Сен дене шынықтыру сабағын ұнатасың ба?
в) Рефлексия
-Балалар, сендер сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер?
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұлттық ойындар туралы қысқаша мәліметтер дайындап келу
(үй тапс. жақсы дайындап келген балаларға баға қою)
(слайд №3 ұлттық ойындар)
3. Жаңа сабақ
Жаңа сөздер: (слайд №3)
Ерлік -героизм,
Батылдық –смелость, решительность
Тапқырлық - находчивость
Байсалдықты - спокойствие
күш-қуат - сила
мергендік - меткость
Жаңа сөздермен деңгейлік тапсырмалар орындау.
III деңгей - екі тілде жаңа сөздерді оқу
II деңгей - жаңа сөздермен сөз тіркестер құрастыру
I деңгей - жаңа сөйлем құрастыру
Мәтінмен жұмыс: (слайд №4)
Қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай халық. Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болған. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батырлықты, тапқырлықты, байсалдықты, күш-қуат молдығын қажет етеді. Ұлттық ойындардың бір түрі – асық. Асық ойнау үшін асық жинау керек. Бұл ойын мергендікке үйретеді.
а) мәтінді мәнерлеп оқу (мұғалім оқиды, сонан соң оқушылар тізбектеп оқиды)