Білімділік: О?ушыларды? есіне затты? т?рін, т?сін, сапасын, д?мін, к?лемін білдіретін с?здер туралы 2-сыныпта ал?ан білімдерін еске т?сіру.С?з табыны? бірі сын есіммен,?ойылатын с?ра?тарымен таныстыру,мысалдар келтіре отырып т?сіндіру.
Дамытушылы?: О?ушылар сын есімні? ма?ынасын д?рыс т?сініп, сонымен ?атар с?йлеу ж?не жазу стилінде д?рыс колдана білу да?дыларын арттыру.Сауатты жаза,с?йлей білуге ?йрету.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку "Сын есім"»
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың есіне заттың түрін, түсін, сапасын, дәмін, көлемін білдіретін сөздер туралы 2-сыныпта алған білімдерін еске түсіру.Сөз табының бірі сын есіммен,қойылатын сұрақтарымен таныстыру,мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылар сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сонымен қатар сөйлеу және жазу стилінде дұрыс колдана білу дағдыларын арттыру.Сауатты жаза,сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәптерге әдемі,таза жазуға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, презентация
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Асыр салып ойнадық,
Тамашалап тойладық.
Балақайлар енді тез,
Кітап оқыр келді кез.
Бір,екі,үш
Бойға жинап күш!
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау.
1.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін,түсінгенін байқау,анықтау.
2.Оқушының сөйлеу қабілетін,сөйлеу тілін,сөздік қорын байқау.
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау
1.Ой қозғау
«Сиқырлы сандық» ойыны
Бұл ойында оқушылар сиқырлы сандықтағы сұрақтарға жауап береді.
1.Қазақ тіліндегі қанша сөз табы бар және оларды ата?
2.Зат есім дегеніміз не?Мысал келтір.
3.Сан есім дегеніміз не?Мысал келтір.
4Етістік дегеніміз не?Мысал келтір.
5.Етістік нешеге бөлінеді және оларды ата?
6.Дара етістік дегеніміз не?
7.Күрделі етістік дегеніміз не?
8.Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
9.Сын есім дегеніміз не?Мысал келтір.
ІV.Жаңа түсінікті қалыптастыру.
Есіңе сақта!
Заттың түрін, түсін,дәмін, сапасын, көлемін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады.
Суретпен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сын есімдерді тауып, сұрақ қой.
1.Қайсар қиын есепті тез шығарды.2.Демалыс күні парктеқызықты ойындар ұйымдастырылды. 3. Алыстан биік үйлер көрінді. 4.Аңшылар қалың тоғайды аралады. 5.Кешке қарайсамал жел соқты.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын есімдерді тауып жаз.