Осындай жақсы көңіл – күймен бейнероликті тамашалайық. «Отбасындағы қарым-қатынас» бейнеролигін тамашалау. Бейнеролик бойынша сұрақтар: 1)Ер адам қайда жұмыс істейді? 2) Оның жұмыс күні қалай өтті? 3) Сәтсіздіктер деп нені айта аласыздар? 4) Бейнероликтегі ер адам қандай сәтсіздіктерге душар болды? 5) Қалай ойлайсыздар бейнеролик немен аяқталады? Жоспар құрғызу Жұмыстағы сәтсіздік Айдардың көңіл-күйі Ұзақ күннің соңы - Дұрыс айтасыздар, шын бақыт – отбасы бақыты. Отбасы бақыты – отбасы мүшелерінің арасындағы жылы да ізгі қарым-қатынас. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасындағы қарым-қатынас». Біздің сабағымыздың мақсаты әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорымызды молайту, өз ойымызды еркін жеткізе білуге үйрену. 1-тапсырма. Сәйкесін табыңыз Синонимдер: Махаббат, бірлік, ауызбіршілік, достық, үйлесім, отағасы, жұбайы 3-тапсырма. Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді тыңдайық. 1-тапсырма. Диалогты тыңдаңыз. «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. - Сізді дүниеге әкелген ата-анаңыз қандай жандар? - Олар – менің бұл дүниедегі асылдарым. Әкем Әлімгерейдің жеке кәсібі бар. Үнемі іссапарларда жүреді. Ал анам Гүлстан – кітапханашы. Өте парасатты жан. Бір жұмысты бастар алдында бізге үнемі ақылын айтып отырады. Анамның маған берген тәрбиесін балаларыма бергім келеді.
№ | | иә | жоқ | 1 | Ата-анасы-асыл жандар | | | 2 | Әкесінің есімі-Әлімгерей | | | 3 | Әкесінің жеке кәсібі жоқ. | | | 4 | Әкесі іссапарда жүреді. | | | 5 | Анасы – мұғалім. | | | 6 | Анасы- парасатты жан. | | | 7 | Анасы ақыл айтпайды. | | | Ән айтқызу. Аңыз «Баяғы кезде бір отбасы болыпты. Ол сүйіспеншілік пен ынтымақтастық, түсіністік орнаған, бақытты отбасы еді. Сол елдің ханы бұл отбасы туралы естіп, отбасының басшысынан: Бір-біріңді ренжітпей, тату тұруыңыздың себебі не?»деп сұрапты. Қарт ақ қағазды алып, ұзақ бір нәрселерді жазып ханға беріпті. Хан қағазға қарап оқыпты таң қалыпты. Ол қағазда 100 рет бір ғана сөз жазылған екен. Ол «түсіністік» сөзі еді.
Тест 5 сұрақ «Қимылдау-бұл өмір» ойын Суреттерге назар аударыңыз. Суреттер бойынша сөз тіркестерін құраңыз. Тыңдаушылар жауабы тыңдалады. Мысалы:әуен тыңдау, құшақтасу, домбыра шерту,ойлану, жақсы көру, күресу т.б. Бұрынғы өткен шақ іс әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Екі түрлі жолмен жасалады. Етістікке –ып; - іп; - п; - ған, - ген, қан, - кен жұрнақтарының + жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Бұрынғы өткен шақтың формуласы: етістік + п, - ып, - іп, ған; - ген, - қан, - кен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: оқы+п+ты=оқыпты бар+ып+ты=барыпты көр+ген жаз+ған+мын 1-тапсырма.Жақшадағы сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап жазыңыз. Тиісті қосымшаларды жалғап жазыңыз. Үсен әйелімен кел.............. ті. Оның қызы әлі тұрмыс құрма....... . Ұлым үйлен........ . Баяғы заманда отбасы бол.......ты . Хан ақ қағазға жаз......... . Қыз хатты оқы......ты . Балам мектепті 2010 жылы бітір...... . Бақытты отбасы бір-біріне сенім арт......ты . Былтыр отбасы шетелге бар.....ты . 10.Сендер былтыр қонаққа бар...... сыңдар. Интерактивті ойын. Тіл үйренушілерді екі топқа бөлу. Ұяшықтың астындағы тапсырмаларға жауап бергізу. 9. Бақытты отбасының құпиясы не деп ойлайсыз? 10. Үлгілі отбасы деп қандай отбасыны айтуға болады? 8. Балалар өз ата-аналарына ұқсау керек пе? 7. Сіз жақсы ата-анасыз ба? 6. Отбасы дегеніміз не? 4. Үлкен отбасы болған жақсы ма, әлде шағын отбасы болған жақсы ма? 3. Бақытты отбасы болу үшін не істеу керек? 5. Л.Толстой осыдан 120 жыл бұрын «Все счастливые семьи счастливы одинаково......»деген, ол дұрыс па? Бағалау парақтан көрсету. «Отбасындағы қарым-қатынас» тақырыбына шағын шығарма жазу. |