Сабақтыңтақырыбы: Үй жануарлары | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты – жөні: Абдикаримова Г.Н. |
Сынып: 1 класс | Қатысқандар: 12 | Қатыспағандар: жоқ |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну; 1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/ сызба таңдау; 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну 1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс – әрекет жасау); 1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну; 1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру; 1.5.1.4 Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану; |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: |
Үй жануарлары атауларын біледі; тапсырмалар орындай алады. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
үй жануарлары туралы мағлұмат біледі; оларға мінездеме бере алады; |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
диалог құра біледі; |
Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады: |
Сөз тіркестерін құрай алады; |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
Түйе – верблюд Жылқы – лошадь Сиыр – корова Қой – овца Ешкі – коза Жайлау - пастбище | Бота – верблюжонок Құлын – жеребёнок Бұзау – телёнок Қозы – ягнёнок Лақ – козлёнок Төл – детёныш |
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
Мынау не? Ненің төлі? Қандай жануар? |
Талқылауға арналған тіркестер: |
Бұл сиыр. Сиыр- үй жануары. Сиырдың төлі –бұзау. |
Не себепті ...... деп ойлайсыз? |
Сиыр неге үй жануары деп ойлайсың? Үй жануарларын неге үйде бағамыз? |
ишара |
|
Алдыңғы оқу: | «Менің отбасым» тақырыбын қайталау үшін «Кестені толтыр» ойыны. Кестеге қарап, ауызша сөйлем құрастыру. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы Қызығушылықты ояту | Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастау үшін балаларды орындарыннан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу. Шаттық шеңбері: Айдай жарқырап, Күндей жадырап. Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық. (Балалар бір біріне қолдарын беріп шаттық шеңберді айтады). «Топқа бөлу» - (суреттер арқылы). Берілген суреттер 4- ке бөлініп, қиылады. Оқушылар қиылған суреттерді таңдап алады және оларды біріктіреді. Құрастырылғын сурет бойынша 3 топқа бөлінеді. | Тақта, оқулық; интерактивті тақта, видео суреттер, |
Ортасы Тақырыпты ашу | Өткен сабақтағы тақырыпты еске түсіру. Семантикалық карта . (Кесте бойынша). Жаңа сабақты суреттер және слайд арқылы түсіндіру. №1 тапсырма: Сурет көрсетіледі. («Жайлауда») Мынау ненің суреті? Суретте сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? Қыз бала неге су беріп жатыр? Ол қандай жануар? Қандай үй жануарларын білесіңдер? Неліктен үй жануарлары дейді? Олардың қандай пайдасы бар? Қайдан кездестіруге болады? Оқушылар сөздікпен танысады. (суреттер) Түйе – верблюд Жылқы – лошадь Сиыр – корова Қой – овца Ешкі – коза Жайлау - пастбище | Бота – верблюжонок Құлын – жеребёнок Бұзау – телёнок Қозы – ягнёнок Лақ – козлёнок Төл – детёныш | №2 тапсырма: (ТЖ) –«Сәйкестендіру» әдісі Үй жануарларының аттарын ата? Төлдерін атап бер. Жануарлардың төлдерін стрелкалармен белгілей отыра табады. №3 тапсырма: «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?» (слайд көрсетіледі) №4 тапсырма (ӨЖ, ЖЖ) Диктант (сурет арқылы). Жуан сөздерді – бір сызықпен, жіңішке сөздерді – екі сызықпен сызу. Жазып болғаннан кейін дәптерлермен алмасады. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі. Сергіту сәті. №5 тапсырма: Мәтінмен жұмыс. (Интер белсеңді тақта арқылы) Мынау менің -м. Ол - -шы. Атамның 10 бар. Менің -м ауылда тұрады. | Слайд,үй жануарлары бейнеленген карточкалар. Үлестірмелі материалдар, Аудио таспаны тыңдату. |
Соңы | Кері байланыс. «Бүгін алған әсерім» рефлексиясы. | |
Қосымша ақпарат |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Кестелер бойынша тапсырмалар беріледі, олар оқулықтағы тапсырмалардан күрделірек құрылады. | | Дүниетану пәнімен байланыстыру; АКТ-мен байланыс; |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқу мен оқуға қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: 2: |