В 2007-2010 гг.закончила колледж АКУиР по специальности "Переводчик - референт". А в 2011-2014 гг. закончила Казахстанский инженерно-педагогический университет Дружбы народов по специальности "Казахский язык и литература" и получила степень бакалавра. Работаю в средней школе им. М.Хамраева. Очень люблю свою работу и своих учеников.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Қыз сыны » атты арулар сайысына қош келдіңіздер. «Қыз сыны» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.3 «г» Ташваева Умида
2.3 «г» Ганиева Алиям
3.3 «в» Исмаилова Альфия
4. 3 «а» Абдимижитова Рамина
5. 3 «в» Каимжанова Ясмина
6. 3 «в» Муса Хафиза
7. 3 «а» Таирова Амина
8. 3 «г» Мадалиева Азиза
9. 4 «г» Миталипова Шахноз
10. 4 « г» Абдишукирова Рамина
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Авутова Тамара апай.
2. Кітапханашымыз: Исидуллаева Санам апай.
3.Қазақ тілі мұғалімі: Аппазова Гулистан апай.
4. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Бокаева Айзада апай.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.(Өлең арқылы таныстыру)
2. Өз өнерін көрсету (ән айту, би билеу)
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Сән үлгісі ( мода және прическа)
5. Қолөнер (
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады.
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
(әділқазылар алқасының бағаларын білу)
II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
IV кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(әділқазылар алқасының бағаларын білу)
V кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
VI. Қортынды.
Әділқазылар алқасы барлық ұпайларды санап, жеңімпаздарды анықтайды. Сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды құттықтап, мақтау қағаздармен сыйлықтарды марапаттайды.
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыз сыны» байқауы өз мәресіне жетті.Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
5. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
6.Қошақанның анасы? (қой).
7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
2-ші арудың сұрақтары.
1. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
3. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
5. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
6. Ешкінің төлі ? (лақ).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
3-ші арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Ең зор байлық (денсаулық)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. Отан туралы мақал-мәтел айтыңыз.
2-жүргізуші: Үшінші сайыс – «Өнерлі өрге жүзер»
Өнер - білім тапқырлықтың тарлан
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)
1 – жүргізуші: Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, – дей келе келесі кезек
«Тіл жүйріктен де озады»- мақалды жалғастырып үш тілде айту.
1. Отанды сүю .... басталады. Отбасы-семья-family
Өнер алды - қызыл ..... тіл-язык-language
2. Отансыз - ..., ормансыз – бұлбұл. Адам-человек- man
Ер қанаты - ..... ат-лошадь-horse
3. Доссыз өмір- тұзсыз .... тағам- еда-food
Мектеп – кеме, білім - ... теңіз – море – sea
4. Кітап – білім бұлағы, .... – өмір шырағы. Білім – знание – Knowledge
Қыз өссе – елдің көркі, ... өссе – жердің көркі. Гүл – цветы - flower
2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз
«Сұлулық сыры» деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.
1-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)
2 – жүргізуші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті салт-дәстүрге берелік.
Сыныптар шығып, дайындаған дәстүрлерін көрсетеді.
1-жүргізуші. Әділқазылар сөз алып, «Көктем аруы - 2014» аруын анықтайды.
2 - жүргізуші.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1 – жүргізуші: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!