Білу.Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда.Сұрақ құрастыр,Сипаттау,әңгімелеу арқылы талда,Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой»Веер»әдісі бойынша бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы алмасады. Қызыл кітап – бұл қауіп – қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Мысалы кәдімгі емен, ақтұңғиық, сарағлдақ, қызғалдақ, кілегей т.б Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. (Баспасөз материалдарынан) Дескриптор:Берілген тақырыптың мазмұның талдайды,сұрақтарға жауап береді. Сергіту сәті.Қызыл гүлім-ай биі «Көктем гүлдері» әдісі негізінде себеттегі гүлдердің ішінен біреуін таңдайды. Топқа бөлу(қызғалдақ,раушан,лотос,бәйшешек) Жинақтау 3-тапсырма.»ПАЗЛ»әдісі арқылы Қазақстанның « Қызыл кітабы»тақырыбына топтық жұмыс беріледі.Материал жинап,постер қорғау қажет.1-топ жануарлар (қызғалдақ), 2-топ өсімдіктер(раушан)3-топ құстар(лотос), 4-топ балықтар (бәйшешек). Дескриптор:Оқушылар мәліметтер жинайды.Алған ақпараттарын,өз ойларын ортаға салады.Шығармашылық тапсырма орындайды. ҚБ:Ұпай береді.Бағалау парақшасы.Дұрыс жауапқа 5 балл 4-тапсырма Төмендегі суреттерде көрсетілген өсімдіктер туралы мәліметтер жинап,зерттеу жоба дайындаңдар «Ойлан,жұптас,талқыла»әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізіледі, Дескриптор.Мәліметтер жинайды.Суреттерді сипаттайды |