Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Әбу Насыр әл- Фараби(Мухаммед ибн Мұхаммед ибн Узлае Тархани )(870-950) Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұзтазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым. Алғашқы білімді қыпшақ тілінде Отырарда алады. Бағдатта араб тілін үйренеді. Самарра Харрандар да ірі ғалымдармен кездесіп, білімін ұштайды. Түркі, парсы, араб тілдерін де сөйлей де, жаза да білген. Грек, латын, санскрит тілдерін игерген. Бүгінгі ұрпаққа Әбу Насыр әл-Фарабидің 50 шақты еңбегі жеткен. “Алмагеске түсініктеме”, “Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері”, “Астрология”, “Китаб әл- мусика әл-кабир” және тағы басқа еңбектері ғылымның сеңгірін көрсететін аса ірі туындылар. Әбу насыр әл-Фарабидің еңбектері ғылымның барлық саласын қамтиды. Оның аясы кең.